Басқа береудің ризалығын алмай затын қолынан алып қоюы қалай дұрыс емес болса, жоғалған затты да ала салып егелену солай дұрыс емес.
Бір адам бір жерден белгілі мөлшерде ақша немесе зат тауып алса, оны иесіне қайтарып беру мақсатымен ала алады. Дегенмен, өзі иелену үшін алса, басқа біреудің затын тонағанымен тең болады.
Жоғалған затты тауып алғанда жасалатын амал мыналар: тауып алған жерге тастап кетсе, құрып кететінінен күмәнданса, алу уәжіп болып саналады; құрып кетпейтін затты алу болса, мүбаһ болады.
Бір адам тапқан нәрсесін оны иесіне тапсыру мақсатымен алса айналасындағылардын куәлікке алуы тиіс. Жоғалған затты иесі табылып жатса және соған тиесілі екені дәлелденіп жатса затты иесіне қайтарады. (Қасани, Бәдиус Санаш, VII. 327-328)
Табылған затты қолында ұстаған адам заттың құнына байланысты мөлшерде уақыт жариялап, күтеді. Иесі табылмаса, сол затты кедей кешпікке иесі атынан садақа ретінде береді. Өзі де мұқтаж жан болса, өзі де пайдаланса болады. Алайда, кейіннен иесі табыла қалса, сол мөлшерде ақысын төлейді. Иесі іздеуге тұрмайтын ұсақ заттар табылса қажет деген адамға берілсе болады; немесе тапқан адамға қажет болса, ол да пайдалана алады (Сәрахси, әл-Мәбсут, XI, 3).
Қазіргі таңда тұрғылықты жерлердің тығыздығына байланысты табылған затты жергілікті әкімдікке тапсырған абзал. Себебі қазіргі уақытта жоғалған заттарға арнайы бюролар ашылып, сол жерде заттар жақсы сақталуда және жоғалтқан азаматтар сол жерге барып арыздана алады. Сондықтан табылған затты алған адам жергілікті әкімдікке немесе Ішкі істер бөліміне тапсырғаны өте орынды.
Өзіміз жан-жағымызға қарап үш рет кімдікі деп сұрап аламыз. КЕйін иесі табылмаса пайдалана беретінбіз. Мынаны оқығаннан кейін ойым өзгерді. Рақмет сіздерге!