Бейсенбі, 1 Маусым, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шариғаттағы бейбіт шеру

18.01.2022
- Мемлекет және дін
0
786
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жыл басында Жаңаөзен тұрғындары бастаған бейбіт шерулер басқа облыстарда жанжалға, бүлікке ұласып, өкінішке қарай, «Қасіретті қаңтар» деп айдар тағылған трагедиямен аяқталды. Бастапқыда жұртшылықтың билікке қойған негізгі талаптарының бірі – елдегі ең төменгі жалақы мөлшеріне сәйкес газ бағасын екі есе төмендету еді. Дегенмен Маңғыстау облысындағы шерулерде азаматтар мен тәртіп сақшылары арасында қақтығыстар, ғимараттар мен сауда үйлерін тонап, қирату секілді тәртіпке қайшы әрекеттер орын алған жоқ.

Ресми мәлімет көздерінен білетініміздей, еліміздің ең ірі мегаполисі – Алматы қаласындағы тәртіпсіздіктерді арандатушы сыртқы және ішкі деструктивті діни топ өкілдері ұйымдастырған. Нақтырақ айтқанда, сәләфизм ағымының қатысы бар екені айтылуда. Мәселен, бұл ағымның өзі бірнеше тармаққа бөлінеді. Солардың кейбірі Қазақстан секілді зайырлы мемлекеттерді «тағут елі» деп атайды және оны құлатып, орнына шариғатпен басқарылатын халифат құруды мақсат тұтады.

ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұловтың айтуынша, аталмыш ағым өкілдерінің түсініктеріне сай, егер мемлекет шариғатпен, Құранмен басқарылмайтын болса, ол – «тағут» мемлекеті, оны басқарып отырған басшылары да – тағут. Тіпті, соған көніп өмір сүріп жатқан халқын да «тағуттар» деп атайды екен.

– Бұл өте нәзік тақырып. Аса мұқияттылықты талап етеді. Тағут – араб тіліндегі «таға» деген етістіктен шыққан, яғни асып-тасу, шектен шығу деген мағынаны білдіреді. Шариғатта Алла тағаланың көрсеткен жолынан басқа жолды «тағут» деп атайды. Тағутты «шайтанның жолы» деп те айтады. Имам Қуртубидің пікірінше, тағут – пұт және шайтан деген сөз. Көріпкел, пұт-санамдардың Алла тағаланың нақты көрсеткен үкімінен басқа қайшы үкімді жария етіп, соны шариғаттың үкімінен артық санауы және соны үгіттеп, насихаттауы Исламға қарсы шығу жолы болып есептеледі. Бұл да тағут болып есептеледі, – дейді Діни оңалту бөлімінің маманы.

Хасан Ташайұлы Қазақстан халқының басым бөлігі мұсылман, тіпті, мұсылмандар аз мемлекеттерде де дінді ұстануға барлық жағдай жасалған дейді. Ал біз зайырлы мемлекетте өмір сүреміз. «Мұсылман» мемлекеті немесе «Мұсылман емес» мемлекет дегеннің нақты белгілері болу керек. Мысалы, біздің елде мешіт салуға, бес уақыт намаз оқуға, қажылыққа баруға, ораза ұстауға рұқсат берілген. Бұны біз енді қалай «мұсылман емес» мемлекет деп атай аламыз деген тұжырым келтіреді.

– Діни кітаптарда да кейбір ғалымдар қайбір елде мұсылман болуға, иман келтіруге рұқсат берілген болса, онда оны толық «мұсылман мемлекеті» деп атауға болады деп жазылған. Сондықтан адамдар білместікке салынып бір-бірін «тағут», «кәпір» деп айыптауы ұрысқа, одан әрі жанжалға алып барады, – дейді ол.

Құран Кәрімде «тағуттан» сақтаныңдар делінген. Егер кімде-кім «тағут» жолын ұстанса, онда күпірлердің жолына түскен боп есептеледі.

– Тағут деген сөз Құран Кәрімнің 8 жерінде айтылған. Бұл аяттарда кімде-кім тағутқа қарсы болып, Алланың жолында болса, бекем бір үзілмейтін тұтқынды ұстағанмен бірдей болады деп айтылған. Тағуттардың ең үлкені – ібіліс. Ібіліс адамдарды адастырады, имандылықтан қайтарып, күпірлікке бастайды. Ол – адамдардың тозаққа түсуіне тікелей себепкер. Шайтанның азғыруына бармайық, керісінше Алланың үкімін тыңдап, соған амал етейік, – дейді Хасан Аманқұлов.

Дін маманының сөзінен байқағанымыздай, Қазақстанды «тағут мемлекеті» деп атайтын кейбір ағым өкілдері кешегі бейбіт шеруді өз мақсаттарына пайдаланып, жымысқы іс-әрекеттерін жүзеге асыруға тырысқаны ғажап емес. Әзірге нақты кімдердің бүлікті ұйымдастырғаны, мақсаты қандай болғаны жайында нақты мәліметтер жоқ. Оны анықтау – алдағы уақытта құзырлы органдардың еншісінде.

Діни сенімге байланысты әскерден бас тартуға бола ма?

Діни сенімге байланысты әскерден бас тартуға бола ма?

19.05.2023
Заңдағы өзгерістер уақыт талабынан туындаған

Заң және заман

16.05.2023

Дегенмен, сөзіміздің басында айтқандай, Маңғыстау облысында бастау алған шеру шариғатқа сай бейбіт түрде өтті. Наразылыққа себеп – сұйытылған газ бағасының өсуі, қарапайым халықтың билік ісіне араласуын мүмкін ететін саяси институттың, ауысып отыратын әрі халыққа әсер беретін биліктің жоғы. Сондай-ақ елді жаулап алған қымбатшылыққа қарсы екендіктерін білдірді. Басқа облыстарда көрініс тапқандай, олардың қолдарында ешқандай қару-жарақ, атқыш, жарылғыш заттар болмады.

«Жалпы Пайғамбардың (с.ғ.с.) кезінде, кейінгі мұсылман мемлекеттерінде «шеруге шығу» деген түсінік болмаған. Бірақ қоғамда қандай да бір заң бұзушылық орын алса, басшылар тарапынан әділетсіздік көрсетілсе, оны Пайғамбарға, халифаға айтатын болған. Мысалы, бірде базарда азық-түлік қымбаттағанда адамдар оны Пайғамбарға айтып шағымданған, тіпті азықтың белгілі бағасын бекітуді ұсынған.

Сонымен қатар, мұсылманның дініне, өміріне, мүлкіне, арына зияны тиетін жағдайда шариғатымыз оны айтуға, қажет болса, тоқтатуға міндетті болады делінген. Мемлекет тарапынан әділетсіздік байқалса, қандай да бір адам топтарына қысым көрсетілсе, олар көмекке мұқтаж болса, халық болып көшеге шығып, ел басқарушыларына ішкі шерін бейбіт түрде жеткізіп отырған. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да «ащы болса да шындықты айтыңдар» деген болатын», – дейді Хасан Аманқұлов.

Сол секілді Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы жиналғандармен кездесу барысында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері аталған мәселелерді диалог арқылы шешті. Митинг кезінде шерушілердің қатарынан басқа діни көзқарастағы террористердің белгілері не араңдатушылардың болғаны байқалған жоқ. Намаз оқитын бірқатар жігіттер парыздарын үйлерінде не болмаса мешітке барып өтеп келіп жүрді.

Осы орайда шариғат талаптары аясында шеруге шығудың не екенін білу мақсатында биыл 7 қаңтар күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімі жариялаған пәтуадан үзінділер бере кетсек. Діни басқарма мамандарының пікірінше, халықтың өз талап-арыздарын басшыға жеткізу мақсатында бейбіт шеруге шығуына рұқсат. Алайда төмендегідей шарттар ескерілуі керек:

– шариғатқа және заңға қайшы келмеуі;

– балағат сөздер мен жалған ұрандар айтылмауы;

– қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығын бұзатын арандатушылыққа, бұзақылыққа, тәртіпсіздікке жол берілмеуі;

– негізгі талаптарынан, алғашқы мақсаттарынан ауытқымауы;

– сыртқы және ішкі арандатушы күштердің ықпалына еріп кетпеуі;

– адам денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмеуі;

– мемлекет пен жеке тұлғалардың жылжитын және жылжымайтын мүліктеріне зиян келтірмеуі (жағу, сындыру, тонау т.б.).

«Егер шеруге шығудың соңы бүлікке, арандатушылыққа алып барса, ондай шеруге шығу – үлкен күнә, харам екендігін ескертеді. Сонымен қатар, бүліктің салдары қоғамға, мемлекет экономикасына кері әсерін тигізетінін және зардабын мемлекет пен халық көретіні баяндалған. Ал мұсылман адам қоғамға зиянын емес, пайдасын тигізуі керек. Алла Тағала Құранда: «Бүлік шығару – кісі өлтіруден де ауыр іс» екендігін айтқан», – делінген пәтуада.

Ата-бабамыз аманат етіп кеткен Тәуелсіздігіміздің көк туын құлатып алмай, арандатушыларға жол бермей, халық тұтастығын, бірлігімізді бекем ұстайық, ағайын!

А. ТУЛЕПОВ,
Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі,
Маңғыстау облысының теолог маманы

Тегтер: басты тақырыпбейбіт шеруМаңғыстауүкімшариғат
Бөлісу19Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Беларусьтан жеткен бір үзім нан
Қоғам

Беларусьтан жеткен бір үзім нан

31.05.2023
Ғарифолла ӘНЕС: Ақталмаған саяси қуғын-сүргін құрбаны болмауы керек!
Сұхбат

Ғарифолла ӘНЕС: Ақталмаған саяси қуғын-сүргін құрбаны болмауы керек!

28.05.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Елбасы Қазақстан халқына үндеу жариялады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    6651 рет бөліскен
    Бөлісу 2660 Твитерге 1663
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4348 рет бөліскен
    Бөлісу 1737 Твитерге 1086
  • Духа намазы қалай оқылады?

    1437 рет бөліскен
    Бөлісу 574 Твитерге 359
  • Сүннет болған намаздардың да қазасы өтеліуі тиіс пе? Ниет қалай етіледі?

    1483 рет бөліскен
    Бөлісу 593 Твитерге 371

Соңғы жарияланымдар

АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

31.05.2023
0
АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

Толығырақ оқу

Түрмеден берілген тапсырма

31.05.2023
0
Түрмеден берілген тапсырма

Толығырақ оқу

Зәуреш ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ: Саяси құғын-сүргін құрбандары толық ақталған жоқ

31.05.2023
0
Зәуреш ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ: Саяси құғын-сүргін құрбандары толық ақталған жоқ

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00