Қазіргі заманғы Қазақстан зайырлы мемлекет болып табылады, онда 46 діни ілімге жататын қолданыстағы 3088-нен астам діни бірлестіктер мен қауымдастықтар бар. Бүгінгі күні Қазақстанда 3244 діни ғимарат жұмыс істейді, оларда іс жүзінде әлемдегі барлық діндердің өкілдері бар.
Әртүрлі діндердің санының көптігіне қарамастан, Қазақстан аумағында адамзатқа қарсы жалғастырылып жатқан зорлық-зомбылықты ақтау үшін дін мен идеологияны пайдаланатын топтар бар.
2013 жылғы 26 ақпанда Астана қаласында осындай ұйымдардың біріне қатысты Сарыарқа аудандық сотының отырысы болып, онда «Таблиғи жамағат» экстремистік халықаралық ұйым деп танылды.
Бұдан басқа, Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2018 жылғы 10 қазандағы шешімімен «Таблиғи жамағаттың» бір тармағы болып табылатын «Йакын Инкар» экстремистік ұйымы танылды.
Тиісінше, аталған ұйымдардың жақтаушылары пайдаланатын діни әдебиет те экстремистік болып табылады.
Осылайша, Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының 2019 жылғы 8 мамырдағы шешімімен олардың діни әдебиеттері, оның ішінде «Амалий Даават», «Пробуждение ото сна» кітаптары экстремистік деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде электронды бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда насихаттауға, әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған.
Кітаптар «Таблиғи жамағат» ДЭҰ қарағандылық ұстанушыларына қатысты қылмыстық істі тексеру барысында жүргізілген тінту кезінде табылды.
«Таблиғи жамағат» экстремистік ұйымының іс-әрекеті еліміздегі мұсылман үмбетінің бірлігі мен ынтымақтастығына, Қазақстандағы әлеуметтік тұрақтылыққа нұқсан келтіреді.
Осыған орай, Қарағанды облысының дін істері басқармасы ҚР ҚК 405 бабына сәйкес тыйым салынған ұйымдарға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік, экстремистік материалдарды (кітаптар, электронды тасымалдағыштар және т.б.) сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілік (50- ден 100-ге дейінгі көлемдегі АЕК) көзделгенін ескертеді.
Бикенов Нурлан Рахметуллинович
Қарағанды облысының дін істер басқармасының басшысы