Араб тілінде «сыддық» сөзі – «шынын айту, шындыққа сай ақпарат беру, шыншыл және сенімді болу» деген мағына береді. Сонымен қатар, «әділ, еш уақытта жалған сөз сөйлемеген, сөзінде тұратын және дұрыс деп білген амалын басқаларына түсіндіруде жалтақтамаған адам» деп түсініктеме берген Фахрадин Рази.[1]
Ханафи мәзһабының атақты тіл ғұламасы Журжани (ө. 816/1413), сыддық сөзінің мағынасы жайында: «Айтқан әрбір сөзін іс-әрекетімен, әрі шын жүректен сеніп айтқан адам» деп тұжырымдама берсе, Тахауи бұл жайында: «Пайғамбардың білімін, сөзін және амалын мақұлдау және Пайғамбармен руһани жақындық құрып, оның ішкі жан дүниесін сезіне білген шыншыл адам» деген.[2]
Сыддық мағынасы Құран Кәрімнің бір аятында қыздарға, төрт аятында ерлерге айтылса, ал екі аяты көпшілікке айтылған. Жеке бір тұлға үшін айтылған аяттарда Хз. Жүсіпке[3], Хз. Ибрахимға[4], Хз. Ыдырысқа[5] және Хз. Мәриям[6] анамыз туралы айтылған оқиғаларда қолданылған. Бұл аяттарда аты аталған тұлғаларды шыншыл деп айтуының басты себебі, шыншыл, сенімді әрі әділділдік өте жоғары бағаланатын қасиет екенін білдіру мақсатында айтылған. Фахраддин Әр-Рази «Мифтаһу л-Ғайб» деп аталатын еңбегінде, Хз. Ибрахимге қатысты аятта айтылған «шыншылдық» сөзінің тәпсірінде, әр Пайғамбардың шыншыл болғанын, алайда әр шыншыл адам Пайғамбар болуын қажет еттірмейді. Шыншылдық Пайғамбарлық дәрежесіне ең жақын мәртебе, сол себептен де пайғамбар мен шыншылдық сөзі бір жерде қолданған дей аламыз.[7]
Аяттың жалғасында, Хз. Мәриям сол қоғамның ішінде бір Аллаға сенбейтіндер алдында, өз сеніміне сай әрекет етуімен қаһарман болғанын байқаймыз. Шын мәнінде, ол әкесін Аллаға ортақ қосудан бас тартқыза алмаса да, ол жеке басына келетін қауіп-қатерлерге қарамастан соңына дейін өз дініне адал болып, шыншылдығымен танылған. Осылайша Аллаға деген берік сенімін сақтап, соған лайық екенін көрсете білді. [8]
Фахреддин әр-Рази Хз. Мәриямның шыншыл болуын, Алланың аяттары мен оның ұлының айтқан шындықтарды күмәнсіз растауы немесе Хз. Исаның туылғанға дейін оған көрінген Жәбірейіл (а.с) екеніне шын жүректен сенуін, шыншылдығының нәтижесінде күнәдан пәк болуымен түсіндіреді.[9] Бұл аяттың мақсаты – Хз. Иса мен анасы Хз. Мәриямның Құдайдың біртұтас бірлігіне деген сеніміне сәйкес келмейтін құрбандыққа шалынған малдың талаптарын қабылдамау және екеуі де басқа жаратылыстыр сияқты жейтін, ішетін, өмір сүретін және уақыты келгенде бақилық болатынына назар аудару. Олардың басқа адамдардан айырмашылығы Хз. Иса Алланың елшілерінің бірі, ал Хз. Мәриям өте ақкөңіл әрі шыншыл әйел болғаны.[10]
«Хадид» сүресінің 19-тоғызыншы аятында: «Аллаға және Оның елшісіне сенетін шыншыл адамдар қасиетті адамдар» деп атаған. Алғашқы тәпсіршілерден Мужахид б. Жәбір осы аятқа сүйене отырып, Аллаға және Оның елшісіне сенетіндердің барлығы дерлік шыншыл екенін, яғни өтірікшілер тобына жатпайтынын айтқан. Аятта айтылған шыншылдар сөзін Мукатил б. Сүлейман: «Жеткізген хабарларында Пайғамбарлардан күмәнданбағандар, оларды өтірікшілікпен айыптамағандар». Ал, Даххақ б. Музаһим болса, «Аллаға иман еткендер және Пайғамбарларды куәлік еткендер» деп тәпсірлеген.[11]
Бұған қоса «шыншыл» сөзі, «Ниса» сүресінің 69-аятындағы қолдану тәсілі мен мағынасы ислам ғұламаларының назарын аударған. Бұл аятта жалпылай алғанда, Аллаға және әмірлеріне бойынсынуды бұйырған. Сонымен қатар, Мұнафықтардың сөзінде тұрмайтыны туралы айтыла келе, келіспеушілік туындаған жағдайда шыншыл әрі сенімді болған Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарды төреші болуын сұрағанынан кейін «Аллаға және Пайғамбарына иланған пенделері мен Пайғамбарлары, шыншылдар, шәһиттер және әулиелер (ақыретте) бірге болады. Бұлар не деген адал достар» деп бұйырған.
Бұл аяттың түсу себептеріне қатысты риуаяттарда, бір сахабаның Пайғамбарымызға келіп, өзінен және балаларынан да қатты жақсы көретінін, үйіне барғанда да оны сағынатынын, о бақилық болғанда жәннаттағы жоғарғы мәртебесінен ұзақ болуын ойлап қайғысын айтқанда, осы аят түскен.[12]
Фахреддин әр-Рази бұл аяттың (сыддықтар) шыншылдар деп кімдерді меңзегені туралы үш түрлі пікір айтады:
1) Дінді шексіз әрі күмәнсіз қабылдағандар;
2) Мұхаммед (с.ғ.с) сахабалары;
3) Мұхаммедке (с.ғ.с) алғаш болып сенген әрі өзінен кейінгілерге ұстаздық еткендер.
Осы негізге сүйене отырып, Ислам дінін алғаш болып қабылдаған әрі мұсылмандарға көсбасшы болған Әбу Бәкір (р.а) шыншыл қасиетімен «Сыддық» деген лақап аты болған. Разидің бір пікірінде сыддықтан жоғарғы дәреже – Пайғамбарлық. Осындай себептерден Әбу Бәкір бақилық болғанда, сахабалар оны Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-ның қабірінің жанына жерлеген.[13]
Сыддық (шыншыл) сөзі Пайғамбарымыздың көптеген хадистерінде дәріптелген және өтірік айтпауды барша мұсылмандарға міндеттеген. Сонымен қатар шыншыл адамға қарғыс, лағнет айтылмайды және артынан жаман (ғайбат) сөз айтылмайтыны туралы да ескертілген.[14] Бұған қоса хадистерде, шын сөз бен саудадағы шындық туралы айтылғанда «сыддық» сөзі қолданылған.[15]
Ислам әдептілігі және сопылық туралы жазылған әдебиеттерде шыншылдық термині көптеп кездеседі. Шыншылдық – барлық іс-әрекеттері мен сөзінде табиғатына сай шыншыл болған пенде.
Қорытындылай келе, «мақсаты мен ниеті дұрыс, жақсылыққа бағыт алған әр пенде – шыншыл» деп айтқан Имам Ғазали, достыққа берілген шын сөзге «садық» (адал) деп айтылса, Аллаға және оның сүйіспеншілігіне бөлену мақсатында айтылған шын сөзге сыддық (шыншыл) деп айтылады. Садық пен сыддықтың өз еркімен ізгілікке бет бұрады, әрі ешқандай ауытқушылықсыз бар күш-жігерімен жақсылыққа шақырады.
Адалдық пен шыншылдықтың бұл өмірде де ақыретте де шексіз дәрежелері бар. Шыншылдық пен адалдық пенденің ең бірінші міндеті. Шыншылдық – Пайғамбарлық дәрежесінен кейінгі дәреже. Шыншылдық пен Пайғамбарлықтың арасында ешқандай кедергі жоқ. Шыншылдықтың дәрежесіне жеткендер, Алланың қалауымен пайғамбарлар мәртебесіне жеткендер.[16]
Алла баршамызды адал әрі шыншыл пенделерінен болуды жазсын. Әмин!
Исатай Бердалиев
[1] Фахраддин Әр-Рази (ө. 606/1210) Құран Кәрім тәпсірі мифтаһу л-Ғаиб, XXI, 223.
[2] Мұхаммед Әғлә б. Әли б. Мұхаммад Хамид әт-Тахауи әл-Фуруки (ө. 1158/1745), Кәшшаф, II/851.
[3] «Жүсіп» сүресі, 46 аят.
[4] «Мәриям» сүресі, 41 аят.
[5] «Мәриям» сүресі, 56 аят.
[6] «Мәйда» сүресі, 75 аят.
[7] Фахраддин Әр-Рази (ө. 606/1210) Құран Кәрім тәпсірі мифтаһу л-Ғаиб, XXI/223.
[8] Т. Изутсу, Құранда діни және әдептілік терминдері, 135-136 бет.
[9] Фахраддин Әр-Рази (ө. 606/1210) Құран Кәрім тәпсірі мифтаһу л-Ғаиб, XII/61.
[10] Т. Изутсу, Құранда діни және әдептілік терминдері, 134-135 бет.
[11] Мұхаммед б. Әли әш-Шәукани (ө. 1250/1834), Фәтху л-Кадир, V/201.
[12] Мұхаммед б. Әли әш-Шәукани (ө. 1250/1834), Фәтху л-Кадир I/545-546.
[13] Фахраддин Әр-Рази (ө. 606/1210) Құран Кәрім тәпсірі мифтаһу л-Ғаиб, X/171-173.
[14] Мүслим «Бир» бабы, 84 хадис.
[15] ДИА, «SIDK» бабы.
[16] Мұхаммед Әғлә б. Әли б. Мұхаммад Хамид әт-Тахауи әл-Фуруки (ө. 1158/1745), Кәшшаф, II/850.