Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы облыстық дін істері басқармасына қарасты конфессия аралық қарым-қатынасты талдау және дамыту орталығымен бірлесіп Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің студенттерімен кездесу жасады.
Кездесудің тақырыбы «Діни жат ағымдардың зияны». Онда облыстың бас имамы жат діни ағымдардың зияны, дәстүрлі ислам деген не, имам Матруди ақидасы, Әбу Ханифа мазһабы, әлеуметтік желіде отырған кезде әртүрлі сайттардан сақ болу, қай уағызшыларды тыңдау, дін мен дәстүр сабақтастығы қатарлы кең көлемдегі тақырыптарды қамтып уағыз-насихат айтты.
Кездесудің соңы студенттерден қойылған әртүрлі сұрақ-жауаптармен аяқталды.