Сұрақ: Ислам бойынша түрмедегінің қандай ақылары бар?
Жауап: Түрмедегі қылмыскер де – адам. Сондықтан адами қатынастан асып түсетін әрекетке бармау керек.
Осы орайда ханафи ғалымы Әбу Юсуфтың дайындап, әкімшілікке ұсынған түрмедегілердің құқықтар жинағы мынадай:
Іште емделе алмайтындай ауру науқас болса, жақын туысқаны қайтыс болып, жерлеу салтына оның келуі қажет деп есептелсе, отырыс басқа жерде болатын болса, түрмеде тазалық қажеттіліктерін өтей алмаса, абақтыдағылардың арнайы бір күнге немесе мүмкіндік болса бірнеше уақытқа сыртқа шығуларына рұқсат берілуі керек.
Қамаудағылар әртүрлі психологиялық проблемалар бойынша, жалпы немесе жекелей кешірім секілді себептермен шартсыз босатыла алады. [Қараңыз: Фахреддин Атар, Ислам ижра уә Ифлас хукуку, 260-266].
Қоғам түрмеге түскендерді қабылдай алмайды. Түрмеден шыққандар үнемі қағажу көреді. Ал түрменің ішінде не болатынын кім білсін?!