ҚР АҚДМ Дін істері комитеті Таяу Шығыстан (Сирия және Ирак) қайтарылғандардың өзекті мәселелерін қарастыру бойынша онлайн-конференцияға қатысты.
Іс-шара Мемлекет Басшысының өткен жылдың ақпан айында қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының жұмысына қатысу қорытындысы бойынша берген тапсырмаларын орындау шеңберінде өткізілді (ХҚКК ынтымақтасып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан аймақтардан азаматтарды қайтару жөнінде тәжірибе алмасу бойынша халықаралық сарапшылар мен ҚР мүдделі мемлекеттік органдары өкілдерінің өңірлік кездесуін өткізуді пысықтау).
Конференция Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің аймақтық өкілдігімен ынтымақтастықта Қазақстанның Сыртқы істер министрлігімен ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан, Қырғыз, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Ресей, Босния және Герцеговина, Түркия және АҚШ мемлекеттік органдары мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Қатысушылар Таяу Шығыстан (Сирия және Ирак) қайтарылғандардың өзекті проблемалық мәселелерін, сонымен қатар репатрианттардың психикалық және психоәлеуметтік қажеттіліктерімен байланысты аспектілерді талқылады. Қазақстандық тарап отырыс қатысушыларымен «Жусан» операциясы арқылы қайтарылғандарды репатриациялау және оңалту бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Конференция нәтижелері бойынша тараптар қайтарылған азаматтарға әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз ету және құқықтық көмек көрсету қажеттілігі туралы бірыңғай қорытындыға келді, шетелдік содырлар мен олардың отбасыларын қайтаруға байланысты мәселелерді шешудің оңтайлы тәсілдерін іздестіру мақсатында барлық деңгейдегі тұрақты диалог құрудың маңыздылығын талқылады.