Сирияда оқ жаудыру кезінде төрт сириялық сарбаз жарақат алды. Бұл туралы журналистерге Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру жөніндегі ресейлік орталық басшысының орынбасары Вадим Кулить айтты, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Лаңкестердің Сфухон ауданынан Кафер-Мус елді мекені ауданындағы үкімет күштерінің позицияларын минометпен атқылауы салдарынан төрт сириялық сарбаз жараланды» , — деді Кулить.
Ол Ресей соғысушы тараптарды татуластыру орталығы заңсыз қарулы құрылымдардың қолбасшыларын қарулы арандатушылықтардан бас тартып, бақылауындағы аудандардағы жағдайды бейбіт реттеу жолына түсуге шақыратынын баса айтты.
Дереккөз: ctc-rk.kz