Расулалла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады:
«Шыншыл болыңдар! Өйткенi шыншылдық болған жерде жақсылық болады. Ал шыншылдық пен жақсылықтың орны – жәннат (яғни, шыншылдық пен жақсылық жәннатты нәсiп етедi).
Жалғандықтан сақтаныңдар! Өйткенi жалғандық болған жерде азғындық болады. Ал жалғандық пен азғындықтың орны – тозақ.
Алла Тағаладан денсаулық тiлеңдер. Себебi пенде үшiн ақиқат иманнан кейiн денсаулықтан артық нәрсе жоқ. Бiр-бiрiңдi күндемеңдер, жек көрмеңдер, қарым-қатынастарыңды үзбеңдер және өзара жауласпаңдар. Уа, Алла Тағаланың құлдары! Бiр-бiрiңе бауыр болыңдар!»
(Имам Ибн Мажәһ)