Ислам шариғатының негізгі қайнар көздері – Құран Кәрім, Сүннет, ижмағ және қияс. Ислам ғұламалары бұларды бір ауыздан шариғаттың дерек көздері ретінде қабыл еткен.

Бұлардан бөлек ғалымдардың кейбіреулері келіспейтін бірқатар дереккөздер де бар. Олар – мәсілихал-мурсала, ихсан, әдет-ғұрып және алдыңғыларының шариғаты сияқты дереккөздер.

Ислам пайда болған күннен бастап фиқһ және фиқһ әдістерінде әдет-ғұрыптың маңызы өте зор. Ғалымдардың әдет-ғұрыпқа қатысты пікірлері әрі қызығушылығы шариғатта дәлел болатыны және бұл оның позициясы тұрғысынан да маңызды. Ескерілуі қажет болған әдет-ғұрыптың ең маңызды ерекшелігі, ислам заңдарының беделін және жарамдылығын қамтамасыз етуінде. Осы себептен де, әдет-ғұрып ислам шариғатында бір дәлел ретінде қабыл етілген.

Осыдан кейін әртүрлі мәзһабта көптеген фиқһ мәселелері талқыланып, ғұрыпқа қатысты бірнеше фиқһ ережелерін шығарған. Мүжтәһидтер мен фиқһшылардың мәзһабтарын қарастырған кезде әдет-ғұрыпты ұстанғанын және көптеген мәселелерде жергілікті әдет-ғұрыпқа қатысты үкім бергенін байқаймыз.

Ислам, адамдардың мүдделерін қамтамасыз ететін және шариғаттың кез келген ережелеріне қайшы келмейтін, адамдарға пайдасын тигізу үшін жергілікті әдет-ғұрыпқа сүйене отырып үкім шығарудың маңыздылығын көзден тыс қалдырмаған. Сондай-ақ, әдет-ғұрып жергілікті исламды ұстанушыларға қиындықтар мен ауыртпашылықтың алдын алады. Өйткені қиындықтар мен ауыртпашылықтар халықтың дәстүрлеріне сәйкес келмесе, шариғаттың мақсаттарына да қайшы келеді.

Алайда барлық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер бірыңғай формада емес, олар жақсы және жаман болып бөлінеді. Фиқһ яғни шариғаттың ережелерінен дәлел ретінде саналған жақсы әдет-ғұрып – исламның негізгі мақсаттарын орындауға септігін тигізген салт-дәстүрлер. Ал жаман, әрі теріс мәнді әдет-ғұрыптар үкім шығаруға әсер етпейді, керісінше кей жағдайларда бұндай әдет-ғұрыптарға тыйым салады. Міне, осы себептен де жат немесе қоғамға кері әсерін тигізетін әдет-ғұрыптарды исламмен байланыстыруға және оны дәріптеуге тыйым салынады.

Қоғамға пайдалы және әдептілікке тәрбиелейтін дәстүрді фиқһ ұстаздары және муфти тарапынан белгіленіп, дін қызметкерлерінің насихаттауы құп көрінген. Сонымен қатар, ғұламалар дәстүрдің Алла тарапынан жіберілмегенін және шариғатта жазылмағанына назар аударған. Өйткені Алла тарапынан білдірілген және шариғатта болған нәрседәстүр болып саналмайды.

Шариғаттың дәстүрге және салт-жоралғыға сай болуы, мұсылмандар үшін жеңілдету және Алланың рахметіне негізделген. Бұған қоса алғанда, шариғат үкімінің негізі тек жаратушы Аллаға ғана тиесілі және Жаратушыға жасалатын ғибадат үкімін дәстүрмен белгілеу немесе шешім шығару дұрыс емес.

Алла Тағала әдет-ғұрыпты енгізуге және ол туралы ережелер жасауға рұқсат берген болса, әдет-ғұрыптың өзі емес, Алла тарапынан берілген рұқсат болып, дәстүрдің қайнар көзі шариғатқа негізделеді. Осы себептен де, адамдардың әдеттері мен дәстүрлері шариғаттың кейбір ережелеріне сәйкес келмеген жағдайда ол жарамсыз.

Әдет-ғұрыптың маңыздылығы, адамның өзін-өзі тануында, ақыл-ойға әсер етуде және қоғамның бірігуінде үлкен рөл атқарады. Егер әдет-ғұрып адамның жаны мен санасында орнығатын болса, өмір сүру қажеттілігі ретінде қабылданады. Психологтар айтқандай, бір тапсырманы қайталау, оны үнемі қолдану әдет-ғұрыпқа негізделген болса, жүйке, жан, ақыл және басқа да органдар бұл жұмысқа дағдыланады.

Ислам ғұламалары әдет-ғұрыптың себебін, өзектілігін, нақыл сөздердің шексіздігін негізге ала отырып, сөз және іс-қимыл (амал) деп екіге бөліп қарастырған. Амалға жататын әдет-ғұрыптар, үкім немесе пәтуалар шығаруға және келісімшарттардың өкілеттіктерін шектеуге құқылы.

Сонымен бірге, амалға жататын әдет-ғұрыптар жекелеген және қоғамдық болып екіге бөлінеді. Ал, шариғат ережелері мен мәтіндеріне сәйкес болуы тұрғысынан қуатты және әлсіз болып тағы да екіге бөлінеді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Қазақ мәдениетіндегі исламның рөлі

Сондай-ақ, әдет-ғұрып, Құран, Сүннет немесе ижма сияқты тәуелсіз дәлел емес, шариғат ережесінің көрінісі ретінде қарастырылған. Ғұламалар арасында әдет-ғұрыпты негізге алу үшін бірқатар шарттар мен талаптар енгізген. Олар: Қоғам тарапынан қабыл етілген және кең таралған, іс-әрекеттер мен мәмілелер жасалған кезде ұстанған және заңдарды бұзбау сияқты шарттарға сәйкес келуі керек.

Әдет-ғұрыптың маңыздылығы туралы айтатын болсақ, ғалымдар әдет-ғұрыпқа байланысты үкімдік тұрғысынан бірнеше талдаулар жасаған. Олардың бір бөлігін дүйім жұрт білетін және қанша уақыт өтсе де үкімі ауыспаған үкімдер деп қарастырған. Бұған қоса алғанда, шариғат мәтіндерінде кездеспейтін мағынасы да қайшы келмейтін амалдарды мақұл көрген.

Алайда, бұл мәселеде әдет-ғұрыптың түрі, критерийлер және географиялық аймақ сияқты кейбір проблемаларды тудырды. Осы себептен ислам фиқһ ғалымдары жалпыға бірдей бөлінбейтін әдет-ғұрыптардың түрін және ескерілетін шарттарды анықтады. Осылайша, жергілікті тұрғындардың дәстүрлерін, исламның шариғат мәтіндерімен салыстыруға болмайтынын қорытындылайды.

Сонымен қатар, Ислам ғұламалары әдет-ғұрыптың жалпы мұсылмандарға бірдей қандай түрін мақұлдайтыны туралы нақты бір тоқтамға келмеген. Алла тарапынан Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) уаһи келе бастап және Пайғамбарымыздың тыйым салмаған әдет-ғұрпын ғана бір ауыздан мақұлдаған.

Сонымен қатар, ислам діні көптеген географиялық аймақтарға жетуімен, сол жердің тұрғындарының әдет-ғұрыптары шариғаттың мақсаты мен міндетіне қайшы болмағаны жайында жергілікті ислам ғұламаларының мәлімдемесімен өз жалғасын табады.

Бұған қоса алғанда, Ханафи және Мәлики мәзһабының ғұламаларының пікірінше, жалпыға ортақ әдеп болған жағдайда шариғаттың кейбір үкімдерінің орнын баса алады. Сонымен қатар, сөздегі әдет пен амалдағы әдеттің айырмашылығына тоқталған.

Әдет-ғұрыптың жергілікті халықтың барлығына тең дәрежеде қолданылуы ислам құқығы үшін өте маңызды. Әдет қоғамдық бір үкімге қайшы келер болса, жалпы және жалқы (кулли және жузи) болуына қараймыз. Қайшылық жалпыға ортақ болғанда, әдет-ғұрыппен амал ету, шариғатты шектейтіні үшін бұндай әдет ғұрыппен амал етуге рұқсат етілмеген.

Алайда, қайшылық жекелеген адамдарға қатысты болса, әдет-ғұрыптың үкімі түріне қарай ауысады. Сөздегі және амалдағы ғұрып шариғат келген уақытта болды ма, болмады ма, соған қарай үкім беріледі. Шариғаттың бір үкімі жалпыға ортақ бір дәстүрге қайшы келгенде, фиқһта бұл жайында бірнеше тәсіл қолданған.

Анасы баласын емізбеуі бұған бір мысал ретінде көрсетуге болады. Аналар балаларын емізуі керек екені жайында Құран Кәрімде жалқыға айтылған бір үкім. Бұның себебі, исламнан алдыңғы арабтар және ислам келгеннен кейін де арабтар балаларын сүт анасына беруі деп айта аламыз.

Исатай БЕРДАЛИЕВ,

Ислам Құқық ғылымдарының докторанты

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ибн Ашир, Мухаммад бин Тахир, Мақасиду л-Шариғиа әл-Ислмаия, 61- бет.
  2. Ибн Журжани, Муғжамул Тағрифат, 125-бет.
  3. Ибн Абидин, Әл-Ғурфу фи бинаи бағд әл-Аһкам ала әл-ғуруф, 2-том, 114-бет.
  4. Әсма-и Абдуллаһ, Әл-Ғурф худжатул уә әсәруһу әл-Фиөһ, 9-бет.
  5. Ата Муса, Тахсису әл-ғумум бил-Ғуруф, 71-бет.
  6. Әбу л-Хасан Әл-Басри, Әл-Муғтамад фи Усулу л-Фиқһ, 1-том, 278-бет.
  7. Имам Ғаззали, Мустасфа, 3-том, 45-бет.
  8. Салахаддин Кайыжи, Фиқһу ислам ғурф уә әдат, 146-147-беттер.
  9. Ибн Қудама, Әл-Мағна, 8-том, 159-бет.

Әбу Синна, Әл-Ғурф уә л-Ғадауа, 300-бет

Пікір жазу