Бүгін «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында имамдардың діни біліктілігін арттыру мақсатында Шымкент орталық мешітінде «Ақида: жаңа ғасырдағы жат ағымдар мен ұйымдар» және «Фиқһ: Ханафи мәзһабының намазға қатысты дәлелдері» тақырыбында танымдық аймақтық қос діни семинар өтті.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинарға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы арнайы қатысып, дәріс оқыды. Жалпы семинар барысында Сансызбай Құрбанұлы ақида және шариғат мәселелері, жат ағымдардан сақтану жолдары мен уағыз-насихат жүргізу тәртібі, пәтуа беру ережесі сынды күрделі мәселелерді түсіндірді.
Семинарға қалалық ЖАНТ мүшелері мен діни оңалту, шариғат және пәтуа саласына жауапты мамандары мен қала имамдары қатысып мол ақпарат алды.
Шара соңында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлына алғыс айтып, ризалығын білдірді.