ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі мен «Шымкент» медресе-колледжі бірлесіп «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН ШЫҚҚАН ДІН ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ» тақырыбында аймақтық танымдық-рухани семинары өтті.
Игі шараны Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Бекайдар Әміре және «Әжелер» мектебінің мүшелері, ұстаздар мен студенттер қатысты.
Оқу орнында ұйымдастырылған игі шараны шаһар бас имам орынбасары, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров жүргізіп отырды.
Басқосу аясында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, медресе ұстаздары Анарқұл Сырманов, Дорбетхан Жомарт, Уалихан Серікбаевтар баяндама жасады.
Негізгі мақсат – қазақ жеріндегі ислам дінінің өткені мен бүгіні: аймақтан шыққан дін қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, олардың еңбектерімен танысу болып саналады.
Сондай-ақ, семинар барысында Азамат Жамашев, Ернар Мәжен, Дорбетхан Жомарт бірлесіп дайындаған «Сайын даланың саңлақ ғұламалары» мен «Темірқазық: қазақ жеріндегі ислам дінінің өткені мен бүгіні» атты қос кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.