Швеция күрес федерациясының басшылығы 17-20 тамыз күндері Иордания астанасы Амманда өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан бас тарту туралы шешім қабылдады. Оған себеп – таяуда Швецияда орын алған Құран өртеу оқиғалары. Федерация басшылығы Иорданияда швед спортшыларының өміріне қауіп төнуі мүмкін екендігін айтып отыр.
Швеция құрамасы Иорданияның орнына Румынияда өтетін жарысқа аттанбақ.