Биыл Шри-Ланка мұсылмандары қажылыққа бара алмайтындарын мәлімдеді. Өйткені бұл мемлекетте ел тарихындағы ең ауыр экономикалық қиын жағдай орын алып отыр.
Мұсылмандар 22 миллион адам тұратын (оның көбі – буддистер) Шри-Ланка халқының шамамен 10 пайызын құрайды.
Биыл Сауд Арабиясы шетелдік және жергілікті мұсылмандарға 1 миллион квота бөлгеннен кейін 1585 шриланкалық қажылыққа аттануы тиіс еді. Алайда қасиетті сапар бағасының тым шарықтап кетуі олардың қалтасына ауыр соққы болды.
Қазіргі күні Шри-Ланка экономикасы өте ауыр жағдайда тұр. Жақында мемлекет сыртқы қарыздарын жабу мерзімін өткізіп алғаннан кейін дефолт жариялады.