Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі Ислам дінін насихаттау бойынша Шығыс Қазақстан облысы «Шемонаиха аудандық мешітінің» бас имамы Еркінбай Ибрагим аудандағы ТК 18 ҚАЖД мекемесінде қызметкерлерге теологиялық сабақ өткізді.
Ол өз дәрісінде: «Асыл дініміздің тұнығын лайлап, түзуін бұрмалаушылар көбейген уақытта мұсылман қауымды діни теріс түсінік қалыптасыуына жол бермеуіміз керек. Халқытың дәстүрлі ислам туралы таным түсінігін кеңейту, құндылықтарын насихаттау сол арқылы адам бойындағы имандылық пен адамгершілік қасиеттің тұғырын бекемдеу дін қызметкерлерінің міндеті болып табылады» дей келе, ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың бір-бірін имандылыққа жетелеудің сауабы зор іс екендігін өзінің кәусар хадистерінде өсиет еткендігін айтып, жат ағымдарға қарсы пәрменді күрес жүргізудің маңызына тоқталды.
Дәріске қатысушы ТК қызметкерлері ислам діні туралы өздерін мазалап жүрген кейбір сауалдарын қойып, оған лайықты жауап берілді. ТК басшылығы әрбір дін қызметкерлерінің адасқан бауырларымызды дұрыс жолға салудағы зор еңбегін ерекше атап өтіп, бірлесе жұмыстаудың нәтижесін атап өтті. Осылайша ШҚО өкілдігінде жат ағыммен күрес арнаулы жоспар бойынша түзеу мекемелермен тығыз байланыста жұмыстау жолға қойылды.