Пенденің медициналық жолмен емделу тәсілдерін пайдалануға ұмтылуы – негізгі принцип. Осыған қоса, Алла тағалаға дұға жасап жалбарынып, ем сұрауы да орынды болады. Құран Кәрімнің Исра сүресінің 82 аятында «Күмәнсіз, біз мүминдерге шипа және рақым болатын Құран аяттарын түсіреміз» – деп бұйырылады. Сондықтан да, Құран Кәрім болсын, Хадистерде болсын кездесетін дұғалар мен сүрелерді (аяттар) белгілі бір мөлшермен шектелместен оқи беруге болады.
Маңызды болғаны, дұғаны пенденің өзінің оқығанында. Дегенмен, жақсы және тақуа бір адам екеніне сенетін басқа бір мұсылманнан да өзі үшін дұға жасауын сұрауға болады. Хз. Айша (р.а.) анамыздан жеткен бір риуаятта Хз. Пайғамбар (с.ғ.с.) сырқаттанып қалған туысқандарының үстіне оқып, оң қолымен оларды сипайтын және «уа Аллам, уа адамдардың Раббысы, мына сырқаттан арылт, шипа бер, шипа беретін Сенсің, Сен беретін шипадан басқа ем жоқ. Сырқатты жазатын бір ем бер» – деп дұға жасаған екен (Ибн Маж, Тыб, 35,36).
Қарттық және өлімнен басқа әрбір аурудың міндетті түрде бір шарасы болады. Пенде емделу барысында үмітсіздікке берілместен, маман иесі емшілерге барып ем іздеуін жалғастыра беруі тиіс. Бұған қосымша, дертті де емді де беретін Аллаға сиына отырып, шипа беруі үшін дұғада болғаны жөн. Осы мақсатта кейбір ғұламалар Құран Кәрімдегі шипа тақырыбындағы аяттардың оқылуын ұсынады. Шипа мақсатында оқылатын кейбір аяттар Тәуба сүресінің 14, Юнус сүресінің 57, Нахл сұресінің 69, Шуара сүресінің 80, Фуссилат сүресінің 44 аяттарында кездеседі.