Сәрсенбі, 27 Қыркүйек, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шетелдік діни білім беру орындарында оқудың қауіптілігі және салдары

16.05.2023
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
223
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Білім – асыл қазына. Білім сонау ғасырлардан адам баласына танылған. Күллі адамзат өмірін білімге арнайды. Себебі білім ұрпақтан-ұрпаққа берілетін шежіре, тарих, өнеге, тәрбие!

Қай кезде де шетелде білім алу адамның таным көкжиегін кеңейтетіні белгілі. Оқушы білім алумен қатар сол елдің мәдениетімен етене танысып, өз туған жерімен салыстыра қарайды. Өзге елдің даму үрдісін байқайды, тәжірибе жинақтайды.

Дегенмен, шетелде білім алудың пайдалы тұстарымен қатар қатерлі тұстары да қатар жүретіні сөзсіз. Оның бірі – деструктивті діни ағымдардың ықпалында қалу қаупінің басымдығы.

ҚР ДІАҚМ Дін істері комитетінің 2014 жылғы шешіміне сәйкес ел азаматтары үшін білім алуға лайықты, дипломы Қазақстан аумағында жарамды деп танылған 39 теологиялық шетелдік ЖОО тізімі жарияланған.

Исламдық бағытта:

  • 1) Стамбул университеті
  • 2) Мармара университеті
  • 3) Анкара университеті
  • 4) Селжук
  • 5) Хасеки
  • 6) Неджметтин Ербакан
  • 7) Улугдаг
  • 8) Сахария
  • 9) Эрджиес
  • 10) Қарабұк
  • 11) Ыстамбұл 29 Майыс университеті
  • 12) Фатих Сұлтан Мехмет университеті
  • 13) Әл-Азхар
  • 14) Халықаралық ислам университеті
  • 15) Султан Азлан Шах Ислам университеті
  • 16) Мелака Ислам колледж университеті
  • 17) Малайзияның ислам ғылыми университеті
  • 18) Сұлтан Зайнал Абидин атындағы университеті
  • 19) Мәскеу ислам университеті
  • 20) Ресей Ислам институты
  • 21) Ташкент ислам
  • 22) Иордан университеті
  • 23) Дүниежүзілік исламдық ғылым және білім университеті
  • 24) Ярмук университеті.

Христиандық бағытта:

  • 25) Мәскеу рухани академиясы
  • 26) Санк-Петербург рухани академиясы
  • 27) Сретен рухани академиясы
  • 28) Кирилл мен Мефодий атындағы жалпы шіркеулік аспирантура және докторантура
  • 29) Санкт-Петербург христиан университеті
  • 30) Інжілдік-лютерандық шіркеудің теологиялық семинариясы
  • 31) Сібір інжілдік-лютерандық шіркеуінің теологиялық семинариясы
  • 32) Орыс христиан гуманитариалық академиясы
  • 33) Мәскеу теологиялық институты
  • 34) Киев рухани академиясы
  • 35) Минск рухани академиясы
  • 36) Canada Christian College
  • 37) TCM International Institute
  • 38) Victory College
  • 39) Tung Ling Bible Shool.

Алайда бұған қарамастан көптеген азаматтар күмәнді шетелдік діни оқу орындарын таңдауда.

Қазақстандағы дін мен дәстүр сабақтастығы

Қазақтың киіз үйі Словакияның тарихи орталығына тігілді

27.09.2023
Бас мүфти: Сауд Арабиясымен тығыз қарым-қатынастамыз

Бас мүфти: Сауд Арабиясымен тығыз қарым-қатынастамыз

27.09.2023

Рұқсат етілмеген шетелдік теологиялық оқу орындарында білім алудың басты қаупі – деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсу. Осы діни мекемелерде оқытатын ұстаздар мен олардың оқытатын пәндері өзіміздің дәстүрлі діни бағыттарға қайшы келіп, осындай білімді алған азаматтар еліміздің ұлтаралық, конфессияаралық достастығын бұзып, әдет-ғұрпымыз, салт-санамызға қарсы шығуы мүмкін.

Бүгінгі күні Алматы облысында шетелдік діни мекемелерде оқитын студенттердің жалпы саны 26 құрайды. Олардың 19 лайықты, ал 7 тиым салынған діни оқу орындарында білім алуда.

«Алматы облысының Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері тарапынан аталған азаматтармен тиісті жұмыс жүргізілуде. Тиым салынған оқу орындарында оқитын студенттерге олардың дипломының Қазақстан Республикасы территориясында жарамсыз екендігі түсіндіріледі. Оқушылардың өзімен және ата-аналарымен жеке кездесу барысында немесе онлайн форматында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Түсіндіру жұмыстары кезінде Отандық теологиялық оқу орындарының артықшылығы туралы айтылады. Басқарманың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда тұрақты түрде діни білім беру орталықтары туралы түсіндірме бейнероликтер, посттар, жазбалар жарияланады.

Мамандар тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде облысымыздың 3 азаматы елге қайтарылды. Олар Отандық діни оқу орындарына түсіп, білімін жалғастыруда.

Мектеп бітіруші түлектерге және шет елдерде діни білім алуды жоспарлап отырған азаматтарға айтарым – шетелдік діни оқу орындарына бармай-ақ отандық білім ордаларында діни білімнің негізін қалыптастырған жөн.

Қазіргі таңда елімізде діни факультеттер жұмыс істейтін 5 жоғары оқу орны бар. Олар – «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ, Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

Сондай-ақ 9 медресе-колледжде діни білім алуға болады. Олар – «Сарыағаш» медресе-колледжі, «Астана» медресе-колледжі, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжі, «Һибаттулла Тарази» медресесі, «Үшқоңыр» медресе-колледжі, «Шымкент» медресе-колледжі, «Әбу Ханифа» медресе-колледжі, «Ақтөбе» медресе-колледжі, «Орал» медресе-колледжі.

Қорыта айтқанда, діни білімнің негізін шетелде алудың өзіндік тәуекелдері бар. Осыған сәйкес шетелде діни білім алуға ниетті талапкерлерге облыстық Дін істері басқармасы мамандарының кеңесіне жүгінуді қажет деп есептейміз.

Діни бірлестіктермен өзара
іс-әрекет және ведомствоаралық
өңірлік қызметті қамтамасыз
ету бөлімінің басшысы Қ.Садуақасов

Тегтер: Діни білімшетелдік діни оқу орындары
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Шетелде діни білім алуға мұқтаждық жоқ
Видео

Шетелде діни білім алуға мұқтаждық жоқ

11.08.2023
Жаңалықтар

Қандай шет мемлекеттерде діни білім алуға болады?

03.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Заңдағы өзгерістер уақыт талабынан туындаған

Заң және заман

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    1555 рет бөліскен
    Бөлісу 622 Твитерге 389
  • «Хикмет» cөзінің мағынасы қандай?

    837 рет бөліскен
    Бөлісу 335 Твитерге 209
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4982 рет бөліскен
    Бөлісу 1991 Твитерге 1244
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7527 рет бөліскен
    Бөлісу 3011 Твитерге 1882
  • Духа намазы қалай оқылады?

    2178 рет бөліскен
    Бөлісу 871 Твитерге 544

Соңғы жарияланымдар

Қазақтың киіз үйі Словакияның тарихи орталығына тігілді

27.09.2023
0
Қазақстандағы дін мен дәстүр сабақтастығы

Толығырақ оқу

30 күн тәтті жемеу оң нәтижеге жеткізеді

27.09.2023
0

Толығырақ оқу

Бас мүфти: Сауд Арабиясымен тығыз қарым-қатынастамыз

27.09.2023
0
Бас мүфти: Сауд Арабиясымен тығыз қарым-қатынастамыз

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00