Әл-Азһар университетінің бас имамы және Мұсылман ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шейх Ахмад ат-Тайеб Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстандағы Дәстүрлі діндер Съезі туралы атап өтті.
«Папа Францискпен батыс пен шығыстағы діндерді жақындастырып, олармен диалог орнату және сөйлесу бағытында әуелі Әбу Дабиде, сосын Қазақстандағы Әлемдік және Дәстүрлі діндер съезінде кездесіп, пікір алмастық», – деді Шейх Ахмад ат-Тайеб.