Кейде адамдар біреулер мені қажет болған кезде ғана іздеп, басқа уақытта іздемейді деп ренжіп жатады. Осындай жағдайды бір ғалымнан сұраса, былай деп жауап беріпті:
«Оған еш ренжімеймін. Себебі, кейде үйде жарық сөніп қалса, адамдар жарық болсын деп, май шамды іздейді. Яғни, сені адамдар қажет уақытында ғана іздеп жатса, өзіңді дәл сол шамшырақ сияқты сезінудің керек. Сонда көңіліңде сөзсіз қуаныш сезімі орнайды”, – деп жауап беріпті.
Қуат ҚАБДОЛДА