Костенко атындағы шахтада қаза тапқандардың толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
METALLURGy today басылымы қаза тапқан кеншілердің толық тізімін жариялады:
- Әбілов Айбек Нұрғалиұлы
- Бобряшов Сергей Владимирович
- Семсерхан Есдәулет
- Жылтыров Амангелді Ерғалиұлы
- Ещенко Леонид Николаевич
- Киселев Сергей Александрович
- Крайнов Олег Викторович
- Сальников Анатолий Владимирович
- Шатаев Аманкелді Мейрамұлы
- Сапаргалиев Аскат Бауржанович
- Қамиев Олжас Ерғазыұлы
- Сосновский Тимур Викторович
- Мордасов Виталий Анатольевич
- Крикунов Павел Александрович
- Петренко Владимир Ильич
- Югай Александр Викторович
- Прокудин Александр Валерьевич
- Мұсабеков Әсет Қанатұлы
- Кочмар Сергей Николаевич
- Алиякпаров Куандык Серикович
- Деревянко Виктор Николаевич
- Арусланов Денис Геннадьевич
- Калимуллин Дамир Радикович
- Гудз Дмитрий Казимирович
- Котвицкий Сергей Геннадьевич
- Катаман Владимир Мирославович
- Николаенко Юрий Леонидович
- Баринов Сергей Валерьевич
- Сайфутдияров Альберт Рифович
- Магиев Жанболат Темірғалиұлы
- Есенқұлов Дамир Нұрисламұлы
- Шулевский Михаил Леонидович
- Богатырев Илья Константинович
- Леушин Владимир Геннадьевич
- Жанзақов Айзат Айханұлы
- Мельников Иван Владимирович
- Неверов Александр Викторович
- Малдакасов Асют Аханович
- Адамбаев Ерболат Мұратұлы
- Силам Берденбек
- Кривоногов Евгений Викторович
- Орақбаев Ақынжан Расбайұлы
- Кадиров Ринат Мубаракзянович
- Фазлов Марат Фаудинович
- Поцелуев Вячеслав Валерьевич
- Половинка Юрий Сергеевич
“Виктор Викторович Гафиулов екеуміз мезгілсіз өмірден өткен әріптестеріміздің туған-туыстары мен жақындарына жолығып,көңіл айтып, бастан кешкен қиыншылықтарда толық материалдық және психологиялық қолдау көрсетілетінін жеткіздік”.”АрселорМиттал Теміртау” АҚ бас директоры Владимир Яблонски
Оның айтуынша, 24 адам зардап шеккен, оларға ауруханаларда барлық медициналық көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр.
“Апат кезінде шахтада 252 адам болған. Біз сол кезде шахтада жұмыс істегендердің бәріне қажетті психикалық қолдауды қамтамасыз етеміз. Компания қазір қайғылы оқиғаны тергеуді бастаған мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс жасап жатыр”.Владимир Яблонски
АМТ директоры апаттың себебін анықтау үшін ішкі тергеу басталатынын және “оның қайталану ықтималдығын азайту үшін” қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.
“Біз жұмыс үрдістерінің және тәртібінің қауіпсіздігін көтеру үшін үздіксіз жұмыс істеп жатырмыз, бірақ бұл апат біздің әлі де атқарылатын істер көп екенін көрсететін зарлы сабақ болды. Біз бұл бағыттағы жұмысымызды дереу жеделдетуіміз керек”.Владимир Яблонски
Қарағанды облысындағы “АрселорМиттал Теміртауға” қарасты Костенко атындағы шахтада 2023 жылғы 28 қазанға қараған түні – сағат 02:33-те апат болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші сыртқа шығып үлгерген. Жер астында қалып қойған 46 кеншінің бәрі қаза тапты.