Нәжаши бұндай сәлемдесу түрін ерсі санап:
– Неге менімен дұрыстап амандаспайсың? – дейді.
Сонда Жағфар ибн Әбу Талип (р.а.):
– Біз әлемдердің раббысы Алла Тағалаға ғана бас иеміз және Одан басқаға сәжде жасамаймыз. Арамыздан соңғы пайғамбар шықты. Ол бізге жәннаттық адамдардың сәлемін үйретті. Сондықтан біз сізге мұсылманша сәлем бердік, – деп сабырлы жүзбен жауап берді.
Қ.Сабыржанұлы