10 тамыздан бастап шетелдік азаматтар кіші қажылықтарын өтей алады. Сауд Арабиясының билігі атап өткендей, коронавирусқа байланысты қабылданған барлық қажетті талаптарды сақтай отырып, умра жасауға рұқсат берілмек.

Қасиетті жерге келіп, құлшылықтарын жасағысы келетін өзге елдің мұсылмандары Саудияда ресми рұқсат етілген Pfizer, Moderna, Johnson&Johnson, AstraZeneca екпелерін алған болуы немесе ПТР-тесті теріс болуы тиіс. Вакцина алмаған адамдар алдымен карантинде жатып, сосын қайтадан ПТР-тест тапсырады.

Қазіргі күні кіші қажылық маусымы қарсаңында әл-Харам мешітінде дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетсек, биыл үлкен қажылық құлшылығын тек Саудияның азаматтары ғана өтей алды. Пандемияға байланысты ел билігі өзге елдің мұсылмандарын қабылдауға тыйым салды.

8 ПІКІР

  1. Надеюсь всех поломников болезнь обойдет стороной

  2. әрине бұл мұсылман қауымы үшін керемет жаңалық алайда карантиндік талаптар барынша сақталса игі еді

  3. Мұсылман жұрты үшін керемет жаңалық. Бірақ ең бастысы ол денсаулық екенін ескеруіміз керек! Карантиндік нормалар қатаң түрде сақталып, қажылыққа ниет етушілердің барлығына ақ жол тілейміз!

  4. Отличная новость! Надеюсь в этом году паломничество пройдет без каких-либо проишествий.

  5. Жақсы жаңалық! Қанша адам парызын өтеуге дайын бұйырса барған адамдардың ниеті қабыл болсын!

  6. Қуанышы жаңалық, барлық мераларды сақтап, қажылықты өтейді деген ниеттеміз. Дұрыс болған екен.

  7. Жақсы жаңалық. Міндеттерін орындап, қажылыққа баруға мүмкіндік екен. Карантин талабына қатты мән беріпті, керемет.

Пікір жазу