Сауд Арабиясы билігі қажылық жасау үшін коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерді толықтай алып тастады. Бұл туралы Анадолы агенттігі корольдіктің қажылық және умра істері жөніндегі министрі Тауфиқ әл-Рабияға сілтеме жасап хабарлады.
“Қажылар саны пандемияға дейінгі деңгейге жетеді, жас ерекшеліктеріне байланысты ешқандай шектеулер болмайды”, – деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, енді қажылық фирмалары Саудиядағы кез келген уәкілетті компаниямен адамдарды қажылыққа апару туралы келісімшарт жасай беруіне болады. “Біз қажылардың келуі жеңіл болуы үшін NUSK платформасын іске қостық”, – деді әл-Рабия.
Айта кетсек, Саудия билігі соңғы 3 жыл бойы COVID-19 таралуы салдарынан қажылыққа қатысты шектеулер енгізіп келген болатын.