Өткен аптада саудиялық хирургтер Нигериядан келген Хасана және Хасина есімді сиам егіздерін бөлу бойынша 14 сағаттық отаны сәтті аяқтады.
16 айлық қыз балалар іштерімен жабысып туған. Оларды бөлу үшін дәрігер Абдулла әл-Рабиа бастаған 85 медицина маманы жұмыс істеді. Сегіз кезеңнен тұрған отаны жасауға ел королі Салманның өзі тапсырма берге болатын.
Соңғы 33 жылда Сауд Арабиясында 23 елден келген 130 сиам егіздеріне ота жасалған. Олардың 56-сы сәтті бөлінді.
Сауд Арабиясындағы Нигерия елшісі Яхья Лаваль ел билігіне алғысын білдірді.