Сауд Арабиясы The Line деп аталатын болашақ қаланың құрылысы басталатыны туралы жариялады.
Бұл 170 шақырымдық түзу сызық бойына орналасатын желі секілді қала болмақ. Ол жерде трасса, көше және көліктер болмайды.
Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың бірінші жартысында басталмақ. Бұл туралы Designboom жазады.
Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман бір түзу сызық бойымен созылатын қаланың жоспарын өзі таныстырды.
The Line (Желі) деп аталатын қала корольдіктің солтүстік-батысында Қызыл теңіз жағалауынан орын теппек. Ол Neom мегажобасының бір бөлігі болуы да мүмкін, YouTube каналындағы бейнекөрсетілімде ол байытылған көздерден энергия алатын, болашақ қаласы деп аталатын толық автоматтандырылған аймақ болатыны баяндалады.
Мұхаммед бин Салманның өзі осы Neom Директорлар кеңесінің төрағасы және 500 миллиард долларлық жобаның бас кураторы.