Иә, қажет болады. Не үшін қажет болатынына толығырақ тоқтала кетейін.
2011 жылы қабылданған, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 3-1. тармағына сәйкес, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әзірлеуге, шығаруға және таратуға дінтану сараптамасының оң қорытындысы алынғаннан кейін жол беріледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №162 бұйрығымен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларының 13 тармағы 5) тармақшасына сәйкес діни мазмұндағы ақпараттық материал немесе діни әдебиет болған жағдайда – авторы, баспасы, шыққан жылы, беттер саны, объекті жазылған тіл, егер сараптама нысаны заңды тұлғаның (діни бірлестіктің) құрылтай құжаттары болған жағдайда – заңды мекен-жайы, құрылтай құжатының қабылданған уақыты, беттер саны, объекті жазылған тіл, егер сараптама объектісі діни оқу орындарының рухани (діни) білім беру бағдарламалары болған жағдайда объектінің беттер саны, объекті жазылған тілі қамтылған сараптама объектісінің шығыс деректері көрсетіледі.
Осының негізінде, кітапшаның барлық мәтіндері негізгі кітаптан алынғанына және артық мәтін қосылмағанына қарамастан, дінтану сараптамасының оң қорытындысын алып баспахандан шыққан кітаптың немесе басқа да діни мазмұндағы материалдың ішіндегі қандай да бір бөлігін жинақтап шығарудан бұрын Комитетке дінтану сараптамасынан өткізуге жолдауыңыз қажет болады.