Бүгін, ҚР АҚДМ Дін істері комитеті Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығымен бірлесе отырып, онлайн форматта «Діни қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның бастамасы және стратегиялары» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырды.
Дін саласындағы мәселелерді сарапшылық қауымдастықтың жан-жақты талқылауы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Марат Әзілхановтың, сонымен қатар Дін істері комитеті басшылығының қатысуымен өткізілді.
Қазақстанның діни қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша, оның ішінде әлемде орын алып жатқан жағдайларды қоса алғандағы тәжірибе, бастамалар және ұсыныстармен нәтижелі пікір алмасулар болды.
Ұлттық мүдделер мен елдің стратегиялық басымдықтар спектрі нақтыланып, халықаралық тәжірибе жан-жақты сарапталды.
Мамандар тиімділікті арттырудың жаңа тәсілдері мен нақты тетіктерін әзірлеуді талқылап, сондай-ақ сарапшылар мен осы саладағы мүдделі мемлекеттік органдар арасындағы тығыз ынтымақтастыққа өзара ниет білдірісті.