Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінде «Адал ас – жанға дауа, тәнге шипа» тақырыбында әйелдерге арналған семинар өтті.
Жиынды ашқан Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлын қазақ танымындағы адал ұғымы, қасиетті Құран аяттарындағы адал асқа мән беру керектігін меңзейтін аяттарға қысқаша тоқталды.
«Қасиетті дініміз қашан да адалдыққа ерекше мән береді. Адал ас дұғамыздың қабыл болуына тікелей байланысты. Сондықтан дәрісте айтылатын мәселелер өзекті» деді Алтынбек Ұтысханұлы.
ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» мекемесінің бас сарапшы технологы Айжан Омарова халал стандарт бағытындағы жұмыстарға тоқталып, елімізде халал сертификатын алған мекемелер мен халал өнімдер туралы ақпарат берді.
Жиынға қатысқан «Халал Даму» мекемесінің Атырау облысындағы өкілі Қайрат Аманжолұлы өңірдегі сертификатталған мекемелер және олармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.