Сәләфус салихиндердің әйелдерінің әдеті осындай еді. Кісі үйінен шығып бара жатқанда оған әйелі мен қызы:
– Харам табыстан сақ бол. Біз аштық пен жоқтыққа сабыр ете аламыз. Бірақ тозаққа сабыр ете алмаймыз, – деп ескертетін болған.
* * *
Бірде сәләфус салихиннен бір кісі сапарға жиналады. Көршілері оның бұл ұзақ сапарын ұнатпай, оның әйеліне:
– Күйеуіңнің ұзақ жолға шығуына неге разылық білдіріп жатырсың? Ол саған нәпақа да қалдырған жоқ, – деп үгіттейді. Сонда әйел:
– Мен үйленгелі оны ризық беруші емес, берілген ризықты жеуші ретінде көремін. Ризық беруші – Раббым. Жеуші кеткенімен Ризық беруші қалады ғой, – деген екен.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ