Сұрақ: Сахабалардың сақилығы қандай еді?
Жауап: Сахабалар – тікелей пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көріп, оның қасында жүріп тәрбие алған жандар. Олар дін мен мұсылман үмбеті үшін бастарын қатерге тігіп, талмай тер төкті. Өйткені олардың бойында көптеген (тақуалық, ихсан, сақилық, кешірім, мейірім және т.б.) ізгі қасиеттер болды.
Олардың амалы риясыз (шынайы) еді. Мысалы Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын) сахабалардың бойында болған сақилық жайында мынадай оқиғаны айтқан: «Сахабаларының біріне бір қой сыйлыққа беріледі. Ол есігін ашып: «Расында бұл қойға маған қарағанда менің бауырым анағұрлым мұқтаж», – дейді. Сөйтіп қойды оның айтқан адамының үйіне алып барады. Олар осылай айтып бір-бірінің үйіне жіберіп, жеті үйге кіріп шығады. Ақырында сыйлыққа берілген қой айналып бірінші үйге қайтып келеді».
Жалғас САНДЫБАЕВ