Саудияның “Насыр” командасындағы алғашқы ойынынан кейін әлем футболының жұлдызы Садио Мане командаластарымен бірге Меккеде умра қажылығын өтеді.
Өткен бейсенбіде Мысырдың “Замалик” командасымен өткен ойын теңбе-тең аяқталып, “Насыр” араб футбол клубтары чемпионатының екінші раундына шыққан болатын.
“Насыр” командасының ойыншылары өздерінің әлеуметтік желілеріне Меккедегі суреттерін жариялады. Соның бірінде Садио Мане мен Секо Фофана басқа ойыншылармен бірге әл-Харам мешітінде жүр.
Айта кетсек, Мане саудиялық клубпен келісімге отырып, оған жылына 40 миллион евро жалақы тағайындалған болатын.