Күндердің күнінде Осман империясының 32-ші сұлтаны I Абдул Азиз (1830-1876) қатты ауырып, төсек тартып жатып қалады. Содан бір күні Сұлтанның көмекшісі келіп оған Мәдина қаласынан хат келгенін баяндайды. Сұлтан дереу орнынан тұрғызуды өтініп, дәретін жаңартып алады да, аталмыш хатты алып оқиды. Сонда Сұлтанның көмекшісі былай дейді:
– Бұл Сұлтан Мекке не Мәдинадан хат келетін болса, қандай халде болса да жұмысын тастап, дәретін жаңартып, міндетті түрде екі аяққа тұрып, хатты алдымен маңдайына тигізіп барып оқитын. Бұл оның Мұхаммед Пайғамбарға (с.а.у.) деген аса құрметі болатын. Біз мұның мән-жайын сұрағанда Сұлтан бізге:
– Ол екі қасиетті жерден келген хатты жай қол созып алып, не жамбастап жатып оқуға болмайды. Себебі, онда Мекке мен Мәдинаның исі бар. Лайықты түрде құрмет көрсетуіміз керек, – деді.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы