Шынында да бұл тақырып әркім өз түсінігінше талдай алатын немесе талдауға болатын тақырып емес, сондықтан осы сауалдың жауабында біздің тек алдыңғы ислам ғұламаларының талдауларына жүгініп отыруымызға тура келеді. Осы тақырыптағы өзім оқыған еңбектердің ішіндегі ең толымдысы әрі жүйелісі ибн Хажар әл-Асқаланидің еңбегі болғандықтан, аталған ғалымның пікірлеріне көбірек ден қоюды абзалырақ деп білемін.
Жоғарыдағы рух туралы аяттың түсу себебін Абдуллаһ ибн Масъуд сахаба былай баяндаған: «Бірде Пайғамбар (с.а.у.) екеуміз Мәдинаның қираған жерлерімен келе жатыр едік. Бір топ яһудилердің арасынан өтіп бара жатқанымызда, олар бір-біріне: «Одан рух туралы сұраңдар» десті. Олардың кейбірі: «Сұрамаңдар, өздеріңе жақпайтын бір нәрсе айтып қалар» деді. Ал кейбіреулері: «Міндетті түрде сұраймыз» деді. Олардың бірі орнынан тұрып: «Ей, Әбул Қасим! Рух деген не?» деп сұрады. Пайғамбар (с.а.у.) үнсіз тұрып қалды. Мен өз-өзіме «оған уахи келіп жатыр» дедім де, (кедергі жасамай) тұрдым. Айыққан соң ол: «Олар сенен рух туралы сұрайды. «Рух Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілді» де» деді».
Осы хабарға талдау жасаған ибн Хажар әл-Асқалани осындай оқиғаның Ибн Исхақ Абдуллаһ ибн Аббас арқылы басқа риуаятпен де жеткенін айтады. Сонымен қатар ибн әт-Тинге сілтеме жасай отырып, Асқалани Құранда «рух» сөзінің бірнеше жерде әртүрлі мағыналармен берілгенін мынадай мысалдармен көрсетеді: «Оны (Құранды) сенімді Рух алып түсті» («Шуъара», 193-аят), «Сол сияқты біз саған Өз әмірімізден Рух уахи еттік», «Ол (Алла) Өз әмірінен рух түсіреді» («Ғафыр», 15-аят ), «Алла оларды Өз тарапынан бір рухпен қолдады» («Мужәдәлә», 22-аят), «(Сол) күні Рух және періштелер сап түзеп тұрады» («Аълә», 38-аят), «Онда періштелер және Рух түседі» («Қадыр», 4-аят). Ибн әт-Тиннің пайымдауынша, мұнда бірінші аятта –Жәбірейіл періште, екінші аятта – Құран Кәрім, үшінші аятта – уахи, төртінші аятта – күш-қуат, бесінші және алтыншы аяттарда Жәбірейіл немесе басқа туралы айтылған. Сондай-ақ Құранда «Алланың рухы» деген сөз Иса пайғамбарға да қолданылғанын да ибн әт-Тин айтып өткен.
Ал «яһудилер Пайғамбарымыздан қандай рух туралы білгісі келді?» деген мәселеге келгенде, әл-Асқалани екінші бір ғалым әл-Қуртубидің: «Көбірек көкейге қонымдысы, олар Пайғамбардан (с.а.у.) адам рухы жайлы сұраған. Өйткені яһудилер Иса Алланың рухы екенін мойындамайды. Ал Жәбірейілдің періште екенін, періштелердің рухтар екенін олар біледі» деген пікірін келтірген.
Асқаланидің пайымдауынша, Құранда адам баласының рухы «рух» деп аталмай, «нәфс» (жан, нәпсі) деген ұғыммен берілген. Сонымен қатар Асқалани рух пен нәфс жөнінде ғұламалар арасында едәуір пікір қайшылығы бар екенін, біреулері оларды екі бөлек нәрсе десе, біреулері екеуі бір нәрсе деп санайтынын айтып өткен.
Көптеген ислам ғалымдары рух туралы кеңінен қозғап айтудан және жазудан тартынған. «Рух ақиқаты жайлы таным – Алла Тағала білімін жасырған жайт. Оны жасырудағы хикмет – адамның өзі түсініп жете алмайтын жайттарды білуге шарасыз екенін көрсетіп, сынау, шексіз білімді Аллаға телуге мәжбүр ету. Өз бойындағы жанының ақиқатын білмесе, онда адамның Алланың ақиқатына жетудегі дәрменсіздігі тіпті шарасыз. Рух жөнінде көп пікір қозғаудан тыйылу және Пайғамбардың (с.а.у.) әдебін ұстану жөн болмақ. Алла Тағала рух жайлы жаратқандарынан ешкімге білдірмеген. Сондықтан ол жайлы қолда бар мәліметтен артық сөз қозғауға болмайды» деп білген. Осы пікірді ибн Баттал, әл-Қуртуби, Әбул Қасим, Жунайд, ибн Атия секілді көптеген ғалымдардың ұстанғанын Асқалани атап көрсеткен.
Рух туралы өзге кітаби діндерде (христиан, иудаизм) де аз түсінік берілген. Тәуратта да адам баласының рухын Жаратушыдан басқа ешкім блмейтіні айтылған. Ғалымдар йаһудилердің Пайғамбарымыздан рух туралы сұрауының себебі оның жауабын Тәуратта айтылғандармен салыстырып, пайғамбарлығына көз жеткізу мақсаты болған деп түсіндірген. Кейбір риуаяттарда жоғарыдағы аян Пайғамбарымызға түскеннен кейін яһудилер: «Бұл бізде де осылай» деген» делінеді.
Қазақ даласында кеңінен тараған «Кимйиаи-саъадат» («Бақытқа жету ілімі») кітабында имам Ғазали рух жайлы былай деп жазады: «Рух – адам жаратылысы болмысының асылы болар. Барлық дене құрылысы соның қызметшісі. Біздің рух асылы дейтініміз – Алла Тағаланың бізге сыйлаған білім орны. Хайуандарда бұл рух жоқ. Рух – дене емес, бөлінетін де емес, нәзік бір жауһар десе болады. Періштелер осы жауһар жынысынан болар. Бұл рух – ең бір нәзік ақиқатты танымақтық, оны талдауға рұқсат жоқ».
Осындай ұстанымдар мен тыйымдар себепті исламда рух туралы көп айтыла бермейді. Есесіне «Өзін таныған адам Жаратушысын да таниды» деген ұстанымға ұйыған ислам ғұламалары адамның нәпсімен күресу, жанын тазарту, рухын кемелдендіру арқылы өзін және жаратылыстың хикметін тануға ұмтылуын көбірек өсиет еткен.
Философиядан табасыз, атакты неміс ғалымдары зерттеген. Гегель, Кант, Гердер
РУХ ӘЛЕМДЕРІ
(Жалғасы. Басы мына сілтемедегі мақала астындағы Нұр атты аутор комментарийінде:
https://kazislam.kz/zhannat-pen-tozaqtyng-ortasynda-meken-bar-ma/)
Сопылардың медитациялық жаттығулары жоғары рухани қабілеттерді үдемелі жетілдірудің сенімді жолдарының бірі (Мұндай жетістікке жетудің тағы бір жолы – Раджа Йога медитациялық жаттығулары. Мұнымен айналысам деуші мұсылман дәріс берушіні дұрыс таңдауы қажет. Кейде ол дәріс беруші, исламнан бөлек әлем діндерінің бірін ұстанушы болуы мүмкін. Әлемдік діндердің бәрін сыйлау қажет әрине – бұл исламда «әдеп» делінетін тақырыпта қамтылған. Дегенмен, мұсылман бола тұрып, йоганың соңғы аталған түрімен жаттығуға ықлас білдірсеңіз, ең бастапқы принциптерін ғана беймұсылман жаттықтырушыдан білуге болады. Сәл кейінірек жеке, өз бетіңізше жаттыға беруге болады. Қазір, бұны youtube интернет ауылы арқылы беймұсылман жаттықтырушы алдына бетпе – бет бармай – ақ үйрене аласыз) …
Жалпы, чакралар қызметі мен табиғаты қыры-cыры мол, алуан жақты нәрсе. Бұл арада олардың кей басты түрлері ғана айтылды…
Адам денелері киім тәрізді бірінің үстіне бірі киіліп жаралған дедік. Нағыз адам – Жан, Эго. Жан тірі Ұшқын, мөлдір Нұр кейпіндегі шар бейнесінде өмір сүреді. Жан ментал әлемінің астынан санағанда 5-қабатында тіршілік етеді. Адам өмірге туғанда осы Жан алдымен кәдімгі физикалық дененің киім кигені тәрізді төменгі ментал (нақты ой) денесін оранады яғни киеді әрі осылайша Тәурәт тілінше айтқанда «таусылмас ғұмырға жол ашар Өмір ағашы бар» жаннаттан шығады. Жанның өзі жоғары ментал материясынан жасалған. Ментал денесі – менталдық план атомдары мен молекулаларынан жасалады…
Бұдан әрі ішінде Жан бар ментал денесі ментал планнан төмендей отырып, өз үстіне астрал (сезім) денесін киім ғып кию үшін астрал (сезім) планына түседі де аталған киім-денені киеді. Астрал (сезім) денесі – астрал (сезім) планы атомдары мен молекулаларынан жасалады (айтылып жатқан түсініктірек болу үшін адам құрылысы сызбасына көз салыңыз)…
Бұдан кейін (ментал киімін, оның үстінен астрал киімін киген) Жан кәдімгі біз білетін ет пен сүйектен тұратын физикалық денені киіну үшін физикалық әлемге (планға) түседі. Мұнда ол алдымен эфирлік атомдар мен молекулалардан құралған эфир денесін, кейінірек кәдімгі өзіміз білетін физикалық денені киеді. Бұл оқиғаны біз «адам туды», «өмірге келді» дейміз. Адам қайтыс болғанда («өлу» процесі барысында) Жан осы физикалық, кейінірек астрал, одан біраз уақыт өткен соң ментал денелерін бірінен соң бірін тастап өзінің ментал әлемінің 5-қабатындағы (ал, ол рухи өте дамыған Жан болса, онда жоғарырақтағы 6-шы қабаттағы) мекеніне оралады. Ал физикалық, астрал, ментал денелер Жан энергиясының арқасында ғана өзара бірігіп, тұтас боп бір бүтін адам тұлғасын құрап тұрғандықтан, Жан олардан кеткенде немесе Жан өз назарын (энергиясын) олардан алғанда қайтадан сәйкесінше физикалық, астрал, ментал атомдары мен молекулаларына ыдырап кетеді…
… Астрал әлем бөлшектері (атомдары мен молекулалары) физикалық әлем бөлшектерінен, ал ментал әлем бөлшектері астрал әлем бөлшектерінен әлдеқайда жоғары деңгейдегі энергияға ие әрі әлдеқайда нәзігірек (жұқа) боп келеді. Даналық (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед) планы ментал планына қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейдегі энергиялардан (бөлшектерден), ал Рухи Жан
планы даналық планынан гөрі жоғарырақ деңгейдегі энергиялардан тұрады. Осы сияқты әр жоғары план төменірек планға қарағанда жоғарырақ деңгейлі энергиялардан құралады…
Пландар – бұл Ғарыши Парасат сатылары іспетті (Құрандағы «Мағарыж» не «Баспалдақтар» тарауы атауының бір мағынасы осы шындыққа меңзейтіндей). Ғарыши Сатылар (Тәураттағы «Йақұп – не Жақып, Яғқуб, Йаков – ғ.с. пайғамбар сатысы») саны шексіз…
Адам құрылысы бүкіл Ғарыш құрылысымен байланысқан және соған ұқсас жасалған…
2. Адамзат жаралуының сыры
…Адамзаттың – не адам патшалығының – эволюция сатысында алатын өз орны бар. Адамзат 4-патшалық боп есептеледі. Адамзаттан эволюциясы бойынша 1 cаты төмен 3-патшалық – жануарлар – тұр. Адамдарда физикалық және астрал (сезім) денелерімен қатар ақыл-ой қабілеті болса, жануарларда тек физикалық және сезім денелері жетілген. Интеллект не ақыл-ой оларда өте қарапайым деңгейде ғана – инстинкт түрінде. 3-патшалықтан тағы бір саты төмен 2-патшалық – өсімдіктер – орналасқан. Бұларда физикалық дене бар, ал сезім денесінің жетілуі өте-мөте қарапайым деңгейде. Мәселен, жануар және адам қиналысты санасымен толық сезінсе, өсімдік олай сезіне алмайды. Өсімдіктерден де 1 cаты төмен деңгейде 1-патшалық – минералдар – жатыр. Бұларда физикалық дене болғанымен, қозғалыс қабілеті жетілудің бастапқы, қарапайым сатысында ғана…
Адамзат Жер бетінде шамамен 18,5 миллион жылдай бұрын пайда болды. Сонау қадым заманда жануар бейнелі денелерге Жоғары Өзін-өзі тану Энергиясы – Жан («(Жоғарғы) Эго», «Жоғары мен» принципі) – берілген (Бұл Адам маймылдан жаралды дегенді білдірмейді, тек өзінің ерекше эволюциялық жетілуі нәтижесінде белгілі бір жоғары деңгейге жеткен жануар бейнелі денелерге – тірі материядан істелген формаларға – Нағыз Адам (Жан) енген делініп тұр. Ал Жан мен Рухтың жаралуы – Ұлы құпияға толы уақиға. Ол туралы және жалпы Жер мен Көктердің көмес ақиқаттары жайлы Қасиетті Құранда көп сыр меңзелген яғни шифрлі түрде шектеусіз ақпарат берілген…)… Бұл Лемурия заманы болатын: ол кезде Жер бетіндегі құрылықтардың жалпы атауы Лемурия (немесе Му) еді, қазір Жерді – Гея деп атап жүр (Жалпы, біреулер Жерді Уранция, енді бірлері Шан деп те атайды. Бұл атаулар заманалар ағысына тәуелсіз, Жердің мәңгіліктегі атауы ма екен?)… Қазіргі замандағы Жер құрылықтарын жиынтық атау бойынша Ария деп те атауға болады…
… Лемурия мен Ария құрылықтары дәуірлері арасында Атлантида заманы болған…
Аталған Лемурия уақытында, Жоғары бір Өмір деңгейлеріндегі (ғарыштағы) тіршілік әлемдерінен келген Рух иелері жануар формаларға Ақыл-ой қабілетінің Ұшқынын – Жан не (Жоғарғы) Эгоны – берген, яғни адамшылық қасиетін бойларына дарытқан (Бұл жерде, заманалардың – мәңгіліктердің – басында Абсолюттің (өзін болмысқа, көрінеулікке немесе манифестацияға келтірмеген, көрінбейтін Құдайдың) Рухты жаратқанын есте ұстаған абзал. Рухта Құдайдың барша шектеусіз қасиеттері бар: әлеуетті (потенциалды) – яғни, дән түріндегі (ұйқыдағы, жетілмеген) – күйде. Рух өз бойындағы осы Құдайи қасиеттерді толық оятып, жетілдіріп, белсендікке әкелу үшін көрінеулікке келеді. Яғни Рух өзін-өзі тануы үшін өз планынан төменгі – Рухи Жан, Нұр-Мұхаммед, ментал, астрал және физикалық – пландарға (әлемдерге) түседі. Бұл пландарға төмендегенде ол үстіне жоғарыда айтылғандай Рухи Жан, Нұр-Мұхаммед, ментал, астрал және физикалық пландар материясынан тұратын киімдерді қабаттап киеді. Физикалық планға жеткенде Рух осылайша толық тұмшаланып қалады…
Бұл физикалық планда Рух өмір тәжірибесін жию үшін минерал ретінде тіршілігін бастайды… Жүздеген миллион жылдардан соң Рух минералдан бірте-бірте өсімдік түріне өтеді… Тағы да өте көп ондаған миллион жылдан соң Рух өзінің сыртқы формасы (энергиясының өткізгіші) ретінде жануар тұлғасын қолдана бастайды, яғни өсімдік кейпінен бірте-бірте жануар кейпіне өтеді…
Тағы да көп миллион жылдар өте келе, Рух өз сыртқы кейпі түрінде алдыңғылардан әлдеқайда жетілген кейіп (форма) – Адами форманы қолдана бастайды… Құранда Алла Тағаланың «адамды топырақтың сыңғырлаған ең асыл түрінен алып, оған өз Рухын (демін) үрлеуі арқылы жаратқаны» жайлы баяндалғанда осы процесс те меңзеліп тұр. Осылайша, Мәңгілік Рух түбінде өз планына оралғанда, өмір сапары барысында жинаған тәжірибесі арқасында, саяхатының басына қарағанда әлдеқайда дана, күшейген түрде оралады…
Рух – бұл Өмір… Минералда да, өсімдікте де, жануарда да, адамда да, асаадами тіршілік иелерінде де Өмір бар… Оларды тірі ұстаушы – осы Рух яғни Өмір Оты…). Бұл Ұлы оқиға «Даралану» не «Индивидуализация» оқиғасы деп аталады, себебі топтық-табындық инстинкт негізінде өмір сүруші тіршілік формаларына (жоғарғы типтегі жануарларға), олардың әрбірін топ–табыннан даралайтын зиялы Жоғары Индивидуум (Жан, (Жоғарғы) Эго) қасиеті дарытылды…
…Ол ежелгі заманда пайда болған адамдар нәсілін «3-нәсіл»деп те атайды (Бұл тұста «нәсіл» сөзі «моңғолоид», «еуропоид» т.б. тәрізді қазіргі ғылым ұғымында емес, «жалпы адамзат» деген мағынада қолданылуда). Лемуриядағы 3-нәсіл бірнеше миллион жыл бойы дамыды…Бұл тым қарабайыр, жануари саналы, ақыл-ой деңгейі қазіргіден мүлде төмен тіршілік иелері еді… Негізінен физикалық дене қабілеттерін жетілдіру – ол нәсіл үшін басты мақсат саналды… Ал сезім (бұ сөздің қазіргі мағынасында) мен зия (интеллект) оларда әлі тым кенже деңгейде болатын… «Даралану» оқиғасы арқасында адамзат дамуына аса Ұлы алға жылжытушы Рухи серпін берілді…
…3-нәсіл заманы алдында да Жер бетінде адамзат өмір сүрген. Бірақ олардың табиғаты қазіргі бізге мәлім адамзат табиғатынан мүлде өзге болған… Оларды «эфирлік нәсілдер» дейтін… Бұлар 1-ші және 2-ші нәсілдер еді.
…3-нәсіл дамуы басталғаннан бірнеше миллион жыл өткенде, ол нәсіл арасында бірте-бірте рухани жағынан әлдеқайда ілгерірек дамыған, жаңа адамзат түрі қалыптаса бастады… Бұл эволюция жемісі еді… Сонымен жаңа 4-нәсіл – атланттар нәсілі – өмірге келді.
Миллиондаған жылға созылған эволюция барысында Лемурия құрылығы Мұхит құрдымына кетіп, орынын Атлантида құрылығы басты (Лемурия топырақ апатынан, с.і. жер сілкінісі ойранынан құрыған?)…
Әр нәсіл келесі нәсілге орын бергенде бұл оқиға уақыттың белгілі бір дәл нүктесінде болып өтпей, бірте-бірте жүзеге асады. Мәселен, қыс пен көктем алмасарда, бұл оқиға екі маусымның бір-бірімен кіріге, қоян-қолтық араласып кетуі барысында орындалады ғой: кей жерде қар-мұз жатса, кей тұста шөп-өсімдік көгеріп жатады, т.б. Адамзат нәсілдері алмасарда да олар өзара осылай араласу дәуірін бастан кешеді…
…Жалпы әр нәсілдің (бұларды «түбірлі нәсіл» деп те атайды) даму заманы шартты түрде 7 сатыға – немесе 7 «нәсілшеге» – бөлінеді. Әр нәсілше өз дамуы барысында осы түбірлі нәсілге қажет бір сапаны жетілдіреді…
… Түбірлі нәсілдің соңғы нәсілшелерінің (мысалы, 6-шы, 7-ші, кейде 5-ші нәсілшелер) өмір сүру кезеңінде олардың арасында келесі түбірлі нәсілдің алғашқы өкілдері өмірге кеп, аталған болашақ нәсіл жамағатын қалыптастыра бастайды… Әлбетте, бұ келесі нәсіл өкілдері өмірге озық рухи қасиеттер мен сапаларға ие боп туады…
Өз кезегінде, түбірлі нәсілдердің өздерінің жалпы саны – 7. Бұлардың біреуінің өмір сүру уақыты көптеген миллион жылға созылады…
…4-түбірлі нәсіл гүлденген діндерді, аса дамыған өркениеттерді (с.і. қоғамдарды, ғылымды, мәдени жүйелерді, технологияларды т.б.), ірі-ірі мемлекеттерді өмірге келтірді… Мәселен, бұдан миллион жылдай бұрын оларда ерекше күшпен көтерілетін ұшу аппараттары, қазіргі ғылымға беймәлім алып толқын энергияларын шоғырландыра бағыттайтын механизмдер, өте жетілген робототехника т.б. болған…
…Жуықтап айтқанда, Атлантида дәуірінің орта тұсынан бастап, жануарлар патшалығынан адам патшалығына өту қақпасы жабылды, яғни жануарларға ақыл-ойға ие болу мүмкіндігін беру тиылды. Бұл қақпа өте көптеген миллион жылдардан кейін ғана толық қайта ашылмақ… Сонымен бірге адамдарға адам патшалығынан (табиғаттың 4-патшалығынан) келесі 5-патшалыққа – Жан патшалығына (асаадами эволюция әлемдерінің алғашқысына) – өту қақпасы ашылды… Бұ қақпа әлі ашық – адам балаларының алдында жатқан Ұлы Игі мүмкіндік… …Патшалықтар арасындағы аталған қақпаларды ашып-жабу Иерархия шешімі бойынша жасалды…
… Атлантида заманында аталған қақпаның ашылу оқиғасынан бастап, адамзат өкілдері Ағару алу нәтижесінде Жан патшалығына өте бастады… Ағару (ағылшынша – «initiation», орысша – «посвящение») – адамға бұрын табиғаты беймәлім боп келген жаңа Рухи энергиялар мен қабілеттерге ие болуға жол ашатын құбылыс яғни сананың жоғарырақ деңгейге көтеріліп, ерекше кеңеюі құбылысы.
Сана кеңеюі – ол көпжақты әрі көпөлшемді құбылыс. Бұл өзгемен қатар, өзгелерді түсіну қабілетінің тереңдеуін білдірсе керек және де ешкімге қатысты өзім әрі бөтен деп бөлмейтін бүтіндік санасы Өмір ағашы боп табылатыны бұл арада көп нәрсені аңғартатындай. Мәселен, адамның өзі ұстанатыннан өзге діндегілердің (ислам, христиандық, буддизм, индуизм, иудаизм, зороастризм, т.б. тәрізді) аталған өзге дінді ұстанып, Құдайды өз таңдаған дінінің жолдары арқылы тануға ұмтылуына іштей – рухани – рұқсат бере білуі де сана (немесе ой-өрісі) кеңдігіне мысал бола алады .
…Адам эволюциясы 3 әлемде – физикалық, астрал және ментал әлемдерінде – жүреді… Жан патшалығына өту адамға өз эволюциясын келесі 2 әлемде – даналық (немесе Нұр-Мұхаммед) және Рухи Жан әлемдерінде – жалғастыруға мүмкіндік әпереді…
Яғни адами эволюция аталған 3 әлемде өтсе, асаадами эволюция 5 әлемді қамтиды – бұл 5 әлемге физикалық, астрал, ментал, даналық (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед), Рухи Жан әлемдері жатады…
…1-патшалық (минералдар) өкілдерінің басты эволюциялық мақсаты – ол өздерінің жүріс-тұрыс (қозғалу) қабілетін жетілдіріп, өсімдік патшалығына өту яғни өсімдікке айналу.
2-патшалық (өсімдіктер) өкілдерінің басты эволюциялық мақсаты – ол сезімталдық қасиетін кемелінше жетілдіру әрі жануар патшалығына өту яғни жануарға айналу…
3-патшалық (хаюанаттар) өкілдерінің басты эволюциялық мақсаты – ол ақыл-ой қабілетін өсіріп, адам патшалығына өту яғни адамға айналу.
4-патшалық (адамдар) өкілдерінің басты эволюциялық мақсаты – ол Интуиция мен Рухани Ерік қабілетін меңгеріп, Жан патшалығына көшу. Яғни Жанмен толық бірігу, ал кейінірек Рухани Триадамен бірігу арқылы адам бейнесіндегі Рухқа айналу…
5-патшалық (Жан әлемі, Иерархия) өкілдерінің басты эволюциялық мақсаты – ол Жоғары Ғарыши Эволюция жолына өту. Соңғы аталған асқан да асқар жоғары Рухи жетістікке жеткендерді (Ғарыши Эволюция жолына өткендерді) «Мәңгі Жаһанкез» яғни «Мәңгілік Саяхатшы» деп те есімдейді. Олардың алдында шетсіз де шексіз шың-таңғажайып құпиялар мен сырлардың ең түпсіз қызғылықтыларын игеруге толы Жоғары Ғарыши Даму даңғылдары жатыр…
…Ажалға бағынышты біздер – 4-патшалық өкілдері – үшін ажалсыздық қасиеті мен Мәңгілікте өмір сүру (5-патшалық – Жан әлемі, Иерархия – өкілдерінің қасиеті) қандай қол жеткізбес дерлік биік қасиет болса, Жоғары Ғарыши Эволюция жолына өткендердің (ішкі мәнін түсіну мүмкін емес) Тылсым Зор Рухи қасиеттеріне қол жеткізу 5-патшалық (Жан әлемі, Иерархия) өкілдері үшін – яғни ажалсыздардың өздері үшін – сондай қыр-сырын танып-білу мүмкін емес, алыс эволюциялық мақсат – меже боп табылады…
…Әрине тұтас патшалық өкілдері үшін бір патшалықтан екіншісіне көшу процесі өте көп миллион жылды қамтитын уақыт аралығын алады…
… Адамдар үшін Зия (интеллект, ақыл-ой) адамдардың өз рухи эволюциясын үдетуге зор мүмкіндік беретін алып қару боп табылады. Себебі адами сатыға жеткен тіршілік иелерінің – яғни адамдардың – санасы медитация нәтижесінде шоғырлану мүмкіндігіне әрі өзге де қабілеттерге ие… Осы шоғырлану арқылы рух әлемдеріне жол ашылады…
Адамдар ішінен Жан патшалығынан ары өтіп, Рух патшалығына, тіпті одан да арман кетіп Ғарыши эволюцияларға өткендері де баршылық. Бұлардың кейбірі тіпті, жүйедегі (Күн жүйесіндегі) жоғары ғаламшарлар адамзаттарының (Жер адамзатынан басқа) эволюциясынан да әрмен кетіп, Жүйеден тыс, Ғарыштағы Жоғары жұлдыздар эволюциясы тәжірибесінің дәмін татқан деген де мәлімет бар… Лемурия заманынан күні бүгінге дейін адамзат ішінен шығып, соңғы айтылған Рухи деңгейге қол жеткізгендер саны әрине тым, тым аз… Себебі Ғарыши эволюцияның сәйкес сатысы тым биік. Алайда оған қақпа ашық…
…Жер бетіндегі эволюцияға оралайық. Патшалықтан патшалыққа өтудің шешуші, соңғы кезеңдерінде, биігірек патшалыққа өтпекші төменірек патшалық өкілдері ерекше интенсивті түрде Нұр шаша бастайды… Мәселен, радиоактивті (сәуле шашатын) минералдар – бұлар өсімдік патшалығына өтуге даяр болған минералдар… Ароматты – яғни хошиіс түріндегі эфир сәулелерін интенсивті түрде шығаратын – гүлдер жануар патшалығына өтуге даяр тұрған 2-патшалық өкілдеріне мысал бола алады…
…Адам патшалығына өтуге даяр жануар бойынан өзге жануарларда байқалмайтын сәуле ерекше күшті шашырайды (жалпы адамға жануарлармен жанасуға – сипау т.б. – кеңес берілмейді, себебі олардың бойынан адамдағы хаюани қасиеттерді күшейтетін тербелістер тарап тұрады). Бұндай сәулелі үй жануарларының бір қасиеті – ол иесіне, адамға ерекше берілгендік, адамға қызмет етуге құлшынып тұруы… Жалпы, жануарлар патшалығында рухи жетілуі бойынша піл, жылқы, ит пен мысық ең озық келе жатыр… Бұлардың бәрі адамға қызмет ететін мәдени (қолда өсірілетін) жануарлар. Адамға жақын жүргендіктен бұларға ақыл-ой энергиясының сәулесі дарыған, бұл олардың рухани дамуына күшейтпе дем береді…
…Жан патшалығына өтуге даяр адам бойынан кәдімгі көзге көрінбейтін мейірім нұры интенсивті түрде шашырайды (Қазақтың: «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат», – деген мақалы терең мағыналы). 3-Ағару делінетін сана кеңеюі деңгейіне жеткендер өз бойларынан Күн сәулесіндей, адамға көрінетін аса жарық – көзге көрінсе уақытша соқыр ғып тастауы мүмкін – Нұр шашады… Бұлар – Адамзат эволюциясының алға жылжуына көмек беру ісіне толық беріліп, өздерін біржолата соған арнаған адамдар… Олар сондықтан адаспайды…
…Орасан-алып уақыт мәңгіліктерін қамтитын Адамзат эволюциясы дөңгелектер мен шынжырлар деп аталатын сатыларға бөліне кезең-кезеңмен жүреді. Әр шынжырда 7 планета(дағы өмір тәжірибесі), әр дөңгелекте 7 шынжыр(дағы өмір тәжірибесі), әр планетада 7 түбірлік нәсіл (өмір тәжірибесі) адамзат басынан өтеді. Қазір біз 4-дөңгелектің, 4-шынжырының, 4-планетасының (Жердің) 5-нәсілінің, 5-нәсілшесіндеміз… Арамызда 6-нәсілшенің алғашқы өкілдері де қылаң беріп қалатындай… Сондай-ақ жалпы саны 3-еу екені белгілі болған (эволюциялық мәңгілік даму периодтары деп есептелетін) Күн жүйелерінің 2-шісіндеміз… Бір Күн жүйесінің тіршілік етуі көптеген миллиард жылға созылады…
…Бұдан 1 миллион жылдай бұрын қазіргі 5-нәсіл – Арий нәсілі – өкілдері адамзат патшалығы ішінде пайда бола бастады («Арий» ұғымы фашистер қолданған мағынада емес, бүкіл адамзаттың белгілі бір эволюциялық ахуалын білдіретін мағынада қолданылып тұр)… Атлантида құрылығы әр-түрлі табиғи апаттардан – негізінен топан су қаптауынан – құрдымға кетіп, оны мұхит жұтты…
…«Нұх ғ.с. пайғамбар» (ғ.с. – «ғалейһис cәләм» не «Оған Алланың сәлемі болсын») деген жалпы есімнің тағы бір мәні – қазіргі 5-ші, Арий нәсілі адамдарының Атлантидада дүниеге келген ең алғашқы Ағарған Рухани жетекшілерінің жиынтық, топтық атауы… Яғни, Атлантида топан судан құрығанда, «Нұх ғ.с. пайғамбар» жамағатынан 5-ші, Арий нәсілі халқы тараған…
…3-нәсіл басты мақсаты – физикалық дене қабілеттерін меңгеру және кемеліне келгенше жетілдіру еді. Хатха-йога – физикалық денені кемел меңгеру йогасы – көптеген миллион жыл бұрын осы нәсіл өкілдері арасында аталған мақсатқа жету құралы ретінде кең таралған болатын. Йоганың бұл ежелгі түрінің эволюциялық қызметі толық атқарылғандықтан, білушілердің – Ұстаздардың – қазір мұнымен айналысуға кеңес бермейтіні мәлім… 4-нәсіл (атланттар) басты мақсаты – астрал денені кемеліне келтіре жетілдіру еді. Олар сезімталдықтарын дамытып, мақсаттарына жетті де. Алайда оларда қазіргідей дамыған зия (интеллект) қабілеті болмады. Дамыған зияға 4-нәсіл Ағарғандары ғана ие еді… Қазіргі 5-нәсіл – Арийлер – ментал (ақыл-ой) денесін жетілдірумен айналысуда… …Даналықты жетілдіру – келер 6-нәсілдің басты мақсаты…
(Жалғасы бар.)
Тереңірек түсіну үшін келесі сілтеме ашып, ондағы мақала астындағы пікір бөлімінен Нұрдың комментарийлерін оқыңыз:
https://kazislam.kz/zhannat-pen-tozaqtyng-ortasynda-meken-bar-ma/
https://kazislam.kz/tus-zhoru-durys-pa/
https://kazislam.kz/d-rys-d-a-zhasau-debi/
https://kazislam.kz/zhanga-hadis-zhinaqtary-zharyq-kordi/#comment-8037
https://kazislam.kz/qudajdyng-razylyghyn-qalaj-alugha-bolady/#comment-7352 https://kazislam.kz/zhanuarlar-adamnyng-kormejtinin-kore-me/
https://kazislam.kz/duniede-pajghambar-zhetpegen-qauymdar-bar-ma/#comment-7632 https://kazislam.kz/nege-quranda-pajghambardyng-s-gh-s-esimi-az-atalghan/
https://kazislam.kz/ne-ushin-pajghambardy-s-gh-s-habibulla-dep-atajdy/#comment-7636
https://kazislam.kz/islamda-ne-ushin-bilimnen-buryn-tarbie-qazhet/