Деструктивті діни ағымдар кез келген қоғамға өз идеологиясын таратар алдында сол жұрттың әлсіз тұстарын іздейді. Ол – руханияттағы, мәдениеттегі, сенімдегі кемшін жақтар. Соны әбден зерттеп алған соң барып ауыз салуды бастайды. Қазақ халқы сондай қатерлі ағымдарға бой алдырмас үшін өзінің рухани байлықтары – салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын берік ұстануы тиіс. Бұл жат түсініктерге бой алдырмас қамал ретінде қызмет етеді.