Алматы қаласында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары Халықтың дінтану сауаттылығын арттыру және қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізді.
РАТТ жұмысына білікті теологтар, дінтанушылар және психологтар – М. Исахан, Е. Матаев, К. Мүтебаев және Ж. Қантарбаева, сондай-ақ, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру басқармасының басшысы М. Қарабаева қатысты.
РАТТ мүшелері «Батыр», «Кенжехан», «Жібек жолы», «Байсат», «Таусамалы» және «Барыс-4» базарларының ұжымдарымен кездесулер өткізді. Сонымен қатар, Құрлық әскерлерінің курсанттарымен, 7552 әскери бөлімнің қызметкерлерімен және т. б. кездесті.
Бұл іс-шараларға 350-ге жуық адам қатысты. Іс-шаралар карантиндік талаптарға сай қадағаланып жүргізілді.