2021 жылғы 2-3 тамыз аралығында Алматы облысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары халықтың дінтану сауаттылығын арттыру және қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізді. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының құрамындағы білікті теологтар, дінтанушылар және психологтар – Ж.Сандыбаев, Ж.Қаңтарбаева, И.Бердалиев, Е.Матаев тартылды.
РАТТ мүшелері Талдықорған қаласының тұрғындарымен, Қапшағай жастарымен, Ескелді, Іле, Қарасай аудандарында мешіт жамағатымен, сондай-ақ, Алматы облысының полиция департаментінің қызметкерлерімен және спорт интернаттарында оқитын жеткіншектермен жалпы профилактикалық жұмыс жасалып, семинарлар мен кездесулер өткізді. Осы іс-шараларға 290 – ға жуық адам қатысты. Іс-шаралар карантиндік талаптарға сай қадағаланып жүргізілді.
Өткізілген іс-шаралар барысында өңірлер тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.
Бұл жобаның мақсаты діни сауаттылықты арттыру, халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, мәдени мұра мен дәстүрлерді насихаттау арқылы қоғамдық санаға теріс әсер етуден қорғау болып табылады. Сонымен қатар, діни радикализмге қарсы іс-қимылдың берік негізі ретінде дәстүрлі рухани құндылықтар мен дін арасындағы өзара байланыс мәселелері талқыланды.