Қазақстан халқының саны 19 миллион адамға жетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Туиттер желісіндегі парақшасында 19 миллионыншы болып дүниеге келген сәбидің ата-анасын және барша қазақстандықтарды тарихи сәтпен құттықтады.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді.

Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!» – деп жазды Мемлекет басшысы.

Пікір жазу