АҚШ-тың Сауда министрлігі Украинадағы соғысқа байланысты Ресей мен Беларуське қатысты экспорттық шектеулер тізімін арттырды.
“Қара тізімге” жаңадан 276 позиция қысылып, бұдан былай аталған елдерге 300 доллардан қымбат телефондарды, 750 доллардан қымбат кондиционерлер мен тоңазытқыштарды, 100 доллардан асатын микротолқынды пеш, тостер, шаңсорғыштарды, т.б. экспорттауға тыйым салынды.
Бұған дейін америкалық саясаткерлер Ресей электронды тұрмыстық техниканың чиптарын алып, қару-жарақ жасауға қолданып жатқанын мәлімдеп еді. Экспорттық шектеулер осыған байланысты енгізіліп отыр.