Сұрақ: Құранды күн бата оқуға бола ма? Құран тек күндіз оқылады деп жатады, сол рас па?
Жауап: Құранның күндіз немесе кешке оқылуына шектеу қойылмайды. Құранның оқылу мезгілінде шек жоқ. Адам өзінің көңілі қалаған уақытында Құранды оқи алады. Бұған дәлел ретінде намазды айта аламыз. Күндіз де кешке де оқылатын намаздар бар. Ал намаз Құран сұрелерінен тұрады. Мысалы, кешке күн батқанда оқылатын құптан намазында сіз дауыстап Құран сүрелерін оқисыз. Демекғ күн басқан соң Құран оқыла береді. Сол сияқты Құранға қатысты тарихтан көрген оқиғалар желісінен түсінгеніміз Құранды сахабалар күндіз-кешке оқып отырған. Мысалы, Бірде Алланың елшісі (с.ғ.с.) кеш бата Айша анамызды (Алла одан разы болсын) күтіп отырады. Айша анамыз біраз кешігіп келеді. Алланың елшісі (с.ғ.с.) оған:
– Айша, неге кідірдің? – деп сұрайды. Анамыз:
– Бір адамның Құран оқығанын естіп тұрақтап қалдым. Мен одан асқан көркем дауыс естігенім жоқ – деп тамсана жауап береді.
Бұл жерде де сахабалардың кеш бата Құран оқығанын көріп отырмыз.
Жалғас Садуахасұлы,
дінтанушы