Сұрақ: Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?
Жауап: Құран Алла Тағаланың сөзі болып табылады. Уақиға сүресінің 77-79 аяттарында «Шын мәнінде ол ардақты Құран. Кітапта (Лаухы Махфұзда) сақтаулы. Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды» деп бұйырылған. Осыны негізге ала отырып, ислам ғұламалары бірауыздан Құран Кәрімді дәретсіз қол тигізу дұрыс емес деп тапқан. Яғни, Құранды дәретсіз ұстайтын болсаңыз қателесесіз деген сөз.
Дегенмен, дәретіңіз жоқ болғанымен Құранға қол тигізбестен жатқа білетін аяттар мен сүрелерді оқуға рұқсат етіледі.
Ал, егер ғұсылыңыз жоқ болса Құранға қол тигізуге болмайтынымен қатар, аяттар мен сүрелерді де оқуға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, ғұламалар аятул-курсиді, фатиха мен ыхлас және басқа да сүрелерді тек қана дұға ниетімен оқуға болады деп рұқсат берген.
Балғабек Мырзаев
Мұсылман адам, мүмкіндігінше дәретпен жүруі керек. Тазалық – иманның жартысы дейді. Сондықтан, Қасиетті Құранды оқымас бұрын, ұстамас бұрын дәрет алып, қажет болса ғұсыл құйынайық.