Сұрақ: Рамазанда мұсылмандарға берілетін илаһи сыйлық қандай?
Жауап: Имам Ғазали өз шығармасында Рамазан айында бұрыңғы үмметтерге берілмеген, тек Мұхаммед (с.ғ.с.) үмметіне берілетін мынадай бес илаһи тартудың бар екендігін айтады:
– Алланың құзырында ораза тұтқан адамның аузынан шыққан иіс мисктің иісінен де қош иісті болып келеді.
– Ауыз ашқанға дейін періштелер ораза тұтушылар үшін Алладан кешірім тілейді.
– Бұл айда шайтандар шынжырланып, қамауда ұсталады.
– Алла Тағала әрбір күні жаннатты безендіріп «Салих құлдарым жамандық пен қиянаттты жою үшін асығуда» дейді.
– Рамазан айының соңғы кешінде мүміндер кешіріледі (Имам Ғазали, Мукашафатул Кулуб).
Мұхан Исахан