Биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірде басталады. Қайырымды істердің сауабы еселеніп, дұға-тілектің қайтарымсыз қабыл болуына санаулы сағаттар қалды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар берекесі мол бұл айдың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетті. Еске сала кетейік, биыл пітір садақаның мөлшері 500 теңге болып бекітілді. Бұл 2 келі ұнның құнымен есептелген. Ал, қадір түні сәуірдің 27-нен 28-не қараған түн.