Рамазан айында пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) пайғамбарлық ауыр міндет жүктеліп, қасиетті Құран түсумен қатар, көптеген маңызды істер жүзеге асқан. Солардың кейбіреулерін кесте түрінде көрсетер болсақ, олар:
№ | Оқиға | Рамазан |
1 | Алла елшісі Мұхаммедке (с.ғ.с.) пайғамбарлық міндеттің жүктелуі және Құранның түсе бастауы | Һижреттен 13 жыл бұрын: Рамазанның 27 жұлдызы |
2 | Хадиша (р.ғ.) анамыздың дүниеден қайтуы | Пайғамбарлықтың 10 жылы, Рамазанның 10 жұлдызы |
3 | Алла елшісінің (с.ғ.с.) Сәуда (р.ғ.) анамызбен үйленуі | Пайғамбарлықтың 10 жылы, Рамазан және Шәууәл айында |
4 | Муаххад (Меккелік сахабалар мен Мәдиналық сахабаларды өзара бауыр ету) ісі. | Һижри 1 жылы, Рамазан айы |
5 | Рамазан оразасының парыз етілуі | Һижри 2 жылы, Шағбан айы |
6 | Бәдір соғысы | Һижри 2 жылы, Рамазанның 17 жұлдызы |
7 | Пітір садақасының уәжіп етілуі | Һижри 2 жылы, Рамазан айы бітуіне екі күн қалғанда |
8 | Алғашқы Рамазан айты | Һижри 2 жылы, Шәууал айының 1 жұлдызы |
9 | Алла елшісінің (с.ғ.с.) Зейнеп бинт Хұзайма (р.ғ.) анамызбен үйленуі | Һижри 3 жылы, Рамазан айы |
10 | Хз. Хасанның (р.ғ.) дүниеге келуі | Һижри 3 жылы, Рамазанның 15 жұлдызы |
11 | Меккенің алынуы | Һижри 8 жылы, Рамазанның 10 жұлдызы сәрсенбі күні жолға шығып, 19 жұлдызы жұма күні Мекке қаласы азат етілген. |
12 | Алла елшісінің (с.ғ.с.) Жибрайлмен (ғ.с.) бірге Құранды соңғы рет оқуы | Һижри 10 жылы, Рамазан айы |
Рамазан айы – қасиетті Құран түскен ай, Рамазан оразасын ұстау – парыз, пітір садақасын беру – уәжіп болған ай, мұсылмандардың өзара бауырмалдығы артып, бірлігі беки түскен ай. Сондай-ақ, Құран үкімдерін өмірлік бағыты ете отырып, ораза ұстау арқылы рухани кемелденген мұсылманның жетістігі – бірлік пен бауырластық болмақ. Бірлік болған жерде екі дүние жақсылығы қатар келмек. Дана халқымыздың, «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген мәтелінің сыры да сол болса керек.
Самет Оқанұлы,
исламтанушы