Діни сауатсыздық қоғамның радикалдануының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Діннің негіздерін, әсіресе өз халқының тарихы мен мәдениетімен байланысты дәстүрлі рухани құндылықтарды білмеуі дәстүрлі дін негіздерін радикалды идеологиядан ажырата білу қабілетінен айырып, салдары радикалды идеологияға қарсы иммунитеттің төмендеуіне әкеп соғады.
Дінді негізгі құндылықтардың бағдары ретінде есептейтін қазақстандық жастардың дәстүрлі дін мен деструктивті діни ағымдардың арасындағы айырмашылықты түсінбеуі радикалды идеологияның ықпалында кетулерінің басты қаупі болып отырғаны да белгілі.
Осыған байланысты жастардың бойында радикалды және деструктивті идеяларға қарсы иммунитетті қалыптастыру, мемлекеттің зайырлылық қағидаттарына құрмет көрсету, әлемдік және дәстүрлі дін негіздері туралы объективті ақпарат алу, түрлі конфессия ұстанушыларына деген толерантты қатынасты тәрбиелеу үшін білім жүйесінің түрлі деңгейлерінде дін мамандарын көптеп дайындау аса маңызды болып табылады.
Радикализммен күрес жүргізу тек күш қолдану арқылы мүмкін еместігін, бірінші кезекте ағартушылық, жоғары діни сауаттылық, жастарды әлеуметтік өмірге белсенді тарту жұмыстары атқарылуы қажет деп ойлаймын.
Бұл аса қиын міндет, бірақ оны жүзеге асырмай, азаматтарымыздың амандығы мен жалпы еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес.