«Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев діннің радикалдануы білім мен ғылымнан, өнерден, мәдениеттен ажыраған кезде орын алатынын айтады. Осыған орай тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ислам мәдениеті университетінің құрылуы – стратегиялық қадам болды. Өйткені бүгінде елімізде жүргізіліп жатқан дерадикализация жұмыстарының алдыңғы қатарында осы оқу орнының түлектері жүр.