Қызылордалық полицейлер студенттермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда қаласы полиция басқарма бастығының бірінші орынбасары Ердаулет Жаукеев Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттермен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, қылмыстың өсуіне жол бермеу, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді.