Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Арал ауданына жасаған сапарында аудандық орталық мешіті жанынан бой көтеріп жатқан діни білім беру және қайырымдылық мекемесінің құрылысын көрді.
Аудан бас имамы Қайырхан Қабылғазиев орталықтың жұмыстарын толықтай баяндады.
Бас имамның сапары әрі қарай Сексеуіл кентінде жалғасын тапты. Кент орталығындағы жаңадан салынып жатқан «Тілеуқұл ишан» мешітінің құрылысымен танысты. Мешіт имамы Алпамыс Ізбасқанов құрылыс жұмыстарын көрсетіп, жоспар бойынша алда атқарылатын істерді мәлімдеді.
Өз кезегінде Болатбек қажы Ұласқанұлы аудан мешіттеріндегі жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.