Зуһри риуаят еткен хадисте бір кісі келіп, Алла Елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көршісіне шағымданады. Пайғамбарымыз оған мешіттің есігінің алдына барып: «Халайық, шын мәнінде қырық үй көрші саналады» деп айқайлауды әмір етеді».
Зуһри: «Былай қарай қырық үй, былай қарай қырық үй, былай қарай қырық үй және былай қарай қырық үй» деп төрт жағына ишарат еткен екен.
Біліп қой, көрші ақысы оған азар бермеу ғана емес. Оған қоса оның азарына төзімділікпен қарау керек. Азарына сабыр ету де жеткіліксіз. Себебі, кейде көрші азар бермейді. Сонда ешқандай ақы өтелген болмайды. Сондықтан бұған қоса көршіге мейірім көрсету және жақсылықтар жасау қажет. Қиямет күні кедей көрші бай көршісінің жағасына жармасып: «Уа, Раббым! Не үшін мені қолындағы жақсылықтан мақұрым қалдырды? Не үшін маған есігін жауып алды? Мынадан сұрашы» дейтіндігі айтылған.
Бір кісі үйіндегі тышқандардың көптігіне шағымданады. Оған адамдар мысық асырауға кеңес береді. Сонда ол: «Мысықты көрген тышқандар көршілердің үйіне қашып кетіп, өзіме жақсы көрмеген нәрсені оларға қалаған болудан қорқамын» дейді.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ