Сұрақ: Құрбандықты мал иесінің өзі шалуы шарт па?
Жауап: Негізінде құрбандықты иесінің өзі шалуы сүннет. Бұған қатысты бірқатар риуаяттар бар мысалы. Әнас ибн Мәлик: «Алланың елшісі (с.ғ.с.) құрбандықты өз қолымен шалатын», – деп баяндайды (Ахмад).
Демек қолдан келсе, құрбандықты иесінің өзі сойып жатса игі.
Алайда, исламда құрбандықты мал иесінің өзі шалмаса болмайды деген тыйым жоқ. Егер мал иесінің малды союға мүмкіндігі болмаса немесе малды бауыздай алмаса, онда білікті қасапшыға немесе малды дұрыс бауыздаудың шарттарын білетін өзге адамға өтініш айту әбестік емес. Бастысы мал бауыздайтын адамның мүсылман болуы қажет.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ