Сұрақ: Құрбандық етін сатуға бола ма?
Жауап: Құрбандық етін толықтай немесе жартылай құрбан шалған адамдар тарапынан бай немесе кедей болса да, сыйлық яки садақа ретінде беруіне болады (Әбу Дәуіт, 10). Алайда құрбандықтың етін, ішегі мен терісін, жүнін, сүтін сатуға болмайды (Ибн Нуджейм).
Себебі пайғамбар (с.ғ.с.): «Кімде-кім құрбандық малының терісін сатса, құрбандық шалмағанмен тең», – деп бұйырған (Байхақи).
Сол үшін мал иесі құрбандықтың терісін немесе етін сатса, онда сол мөлшердегі ақша садақа ретінде таратылуы керек (Марғинани).
Құрбандықтың терісін мұқтаждарға немесе қайырымдылық қорларына берумен қатар, оны жайнамаз немесе сол сияқты т.б. тұрмыстық зат ретінде пайдаланудың зияны жоқ (Касани).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
Салематсзба сздер алып жатсыздар отчёт жок мешттер кмге карайт ойна келген степ жатр. Бзге жазлндар дид оын бар отрк , соз